24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
187-бап. Тергеулік
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 373, 374, 375, 392 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екiншi бөлiгiнде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210(екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3) тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 412-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшiншi бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127,
128
, 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 144, 147 (бесінші бөлігінде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 188-1, 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 269-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 293 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 295-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 335, 337, 338, 339, 340 (төртінші бөлігінде), 341 (екiншi бөлiгiнде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 380-1, 380-2, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде),
428 (үшiншi бөлiгiнде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364 - 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.
3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 203 (1-1-бөлігінде), 214 (екiншi бөлiгiнде),
216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде),
219-221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында) 235, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 237, 238, 239 (екінші бөлігінде), 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244, 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),
249 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 149 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде),
362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында),
371, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 146, 412,412-1, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi осы органның қызметкерi болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшiншi және төртiншi бөлiктерінде), 196 (үшiншi, төртінші бөлiктерінде), 197 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 198 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 199 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 217 (екіншi бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 232, 250-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1), 3) және 4) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда – экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртiншi бөлiгiнде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған ұлттық қауiпсiздiк, ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
Ескерту. 187-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.12.2021
№ 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
Ескерту. 188-бапқа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері және анықтау істері бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
Ескерту. 189-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.12.2021
№ 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
4-1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 527-бабының бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын жасайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат келіп түскен жағдайда, оларға сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істің материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау ісі бойынша – анықтау органының бастығына, алдын ала тергеу ісі бойынша тергеу бөлімінің бастығына жіберіледі.
4-3. Анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық іс ұстап алу мерзімі өткенге дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерудің жаңа хаттамасын жасайды;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
8. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. 190-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.12.2021
№ 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде),
341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.
7. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
9. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.
12. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса, үшiншi бөлiгiнде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 334 (бiрiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
Ескерту. 191-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27.12.2021
№ 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі
1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.
Ескерту. Екінші бөлік жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:
1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;
2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;
4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:
істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.
6. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмi аяқталардан – бес тәулiктен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына – он тәулiктен кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.
7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған, қылмыстық істі үзу немесе тоқтату туралы қаулының күші жойылған не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келісуден немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартылған кезде сотқа дейiнгi тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
8. Күдікті, жәбірленуші тергеп-тексерудің негізсіз созылуына шағым жасауға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамның оның барысында істі тергеп-тексеруді толық көлемінде аяқтауына қажетті белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхатты прокурорға мәлімдеуге немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
Ескерту. Кодекс 192-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа
жіберу үшін прокурорға беру
1. Анықтау аяқталған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау хаттамасын жасайды.
3. Айыптау хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) оның жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны;
2) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақыты, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәлілігін растайтын нақты деректер;
5) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
6) егер бар болса, куәлардың және жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
7) келтірілген залал мөлшері;
8) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер;
9) заттай дәлелдемелер (олар болған кезде), олардың сақталу орны туралы мәліметтер;
10) азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар;
11) күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою.
Айыптау хаттамасына қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса беріледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат түскен жағдайда, оларға айыптау хаттамасын және қылмыстық іс материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы айыптау хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Айыптау хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
5. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) айыптау хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады не осы Кодекстің 189-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен алдын ала тергеп-тексеруді тағайындайды.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық іс ұстап алу мерзімі өткенге дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
6. Прокурор айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті ұстап алынған жағдайда дереу мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық қудалауды толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
5) жаңа айыптау хаттамасын жасайды;
6) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
7. Прокурор айыптау хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының айыптау хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. Кодекс 192-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi
1. Прокурор, сотқа дейiнгi тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
2) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен, қолдағы материалдарды тергеулігі және соттылығы бойынша береді;
3-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілеуге құқылы;
4) оқиға орнын қарап-тексеруге қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктері шеңберінде басқа да әрекеттерді жүзеге асырады;
5) қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келіседі, бекітеді.
Прокурордың келісуі мен бекітуі – қаулыны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы, ал қағаз түрінде ресімделген, оның ішінде құпиялылықты сақтауды талап ететін процестік шешімдер мен әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына өзінің қолымен расталатын «Келісемін», «Бекітемін» белгілерін қою арқылы жүзеге асырылады;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына іске қосып тігу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
8) қылмыстық қудалаудан иммунитетi мен артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
9) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының нәтижелерін тексеру үшін алады, мерзімдері үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді;
9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
10) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлімі мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жояды;
11) қылмыстық iсті қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарады не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
12) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі алып қояды және осы Кодексте белгіленген тергеулігіне сәйкес оны басқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына береді; тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір органнан екінші органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді;
12-1) азаптаулар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан прокурорға тапсыруға құқылы;
13) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартады, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабының жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларда тергеп-тексеру мерзімін белгілейді;
14) осы Кодексте тергеу судьясының кұзыретіне жатқызылған мәселелер қаралған кезде сот отырыстарына қатысады;
15) күзетілудегі адамдарды ұстаудың заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын тексереді;
16) айыптау актісін жасайды;
Ескерту. 16)-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
16-1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
17) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекітеді;
18) сот қаулысы бойынша нәтижелерін сот прокурордың өтінішхаты бойынша іс материалдарына қоса тігетін тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады;
19) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады;
20) осы Кодексте көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Прокурорлардың сотқа дейiнгi тергеп-тексеру сатысындағы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажыратуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Прокуратура органы басшысының айрықша өкiлеттiктерiне:
1) ынтымақтастық туралы процестiк келiсiм жасасу;
2) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлiмi мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған (бағынышты) прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жою;
3) сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамнан не органнан қылмыстық iстi алып қою және оны сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүргiзу үшiн басқа адамға не органға беру;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм алу үшiн ұсыну енгiзу;
5) қылмыстық iстердi тергеп-тексеру мерзiмдерiн ұзарту;
6) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлiмi және анықтау органы бастықтарының, сондай-ақ төмен тұрған прокурордың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдарды қарау;
7) заңдылық бұзылған кезде тергеушiні, анықтаушыны қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру жүргiзуден шеттету;
8) процесс прокурорының қылмыстық iстi қосымша тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қайтару туралы қаулысын бекiту;
9) айыптау актісін жасау;
Ескерту. 9)-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
9-1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіту және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекіту;
11) осы Кодекстің нормалары осы міндетті прокуратура органының басшысына тікелей жүктеген жағдайларда, адамды күдікті деп тану туралы және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды келісу жатады.
Прокуратура органы басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7), 8), 9), 9-1) және 10) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың басшылары жүзеге асыруы мүмкін.
Ескерту. Үшінші абзац жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VІ (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 36) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі
1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ол күрделi немесе үлкен көлемді болған жағдайда тергеушiлер және анықтау органының қызметкерлері тобына (тергеу, жедел-тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлімінің немесе анықтау органының бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеп-тексеру жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, анықтау органының қызметкерлері, оның iшiнде топ жетекшiсі – тергеушi көрсетiлуге тиiс.
Күдіктi, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi тергеушiлер, анықтау органының қызметкерлері тобының тергеп-тексеретіні туралы қаулымен танысуға тиiс және оларға осы топ жетекшісіне, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiге, анықтау органының қызметкеріне қарсылық білдіру құқығы түсiндiрiледi.
2. Топқа сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бірнеше органның тергеушілері, анықтау органының қызметкерлері кіруi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, тергеу бөлімі немесе анықтау органы бастықтарының бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Мұндай шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылатын бiрлескен қаулымен ресiмделедi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің толық және объективті болмау фактілері, істің күрделілігі мен маңыздылығы анықталған кезде прокурорлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органның тергеушілері, анықтаушылары мен жедел қызметкерлері арасынан топ құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді.
Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
195-бап. Топ жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi
1. Топ жетекшiсi өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуiне қабылдайды, топтың жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлер мен анықтау органдары қызметкерлерінің әрекеттерiне басшылық жасайды.
2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе бір бөлігінде тоқтату туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы, қылмыстық істерді бiрiктiру және бөлу туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту, сот санкциялайтын бұлтартпау шараларын қолдану және оларды ұзарту туралы өтінішхат қозғау туралы қаулыларға, сондай-ақ айыптау хаттамасына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке топ жетекшiсi қол қояды.
Ескерту. Екінші бөлік жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2022 бастап;
ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының
29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде) Заңымен.
4. Топ жетекшiсi осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу әрекеттеріне қатысуға, тергеу әрекеттерін жеке өзi жүргiзуге және шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Жетекшi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады.
Ескерту. 195-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 196-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
197-бап. Тергеу әрекеттерін жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi.
2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
3. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерi мен заттай дәлелдемелердi анықтаудың, тіркеу мен алудың ғылыми негiзделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкiн.
4. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндіруге жол берiлмейдi.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерiн тартуға құқылы.
6. Осы Кодекстiң 255-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшiншi және он төртiншi бөлiктерiнде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде куәгерлердi тарту мiндеттi болады.
Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.
Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады.
Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 198-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы
1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталған бойда жасалады.
2. Хаттама қолмен жазылуы, машинкамен не компьютермен басу тәсілі арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс- және бейнежазба материалдары немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және iспен бiрге сақталады.
3. Хаттамада: тергеу әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiнгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетiледi.
Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу кезінде анықталған iс үшiн елеулі мән-жайлар, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
4. Осы Кодекстің 97-бабы қолданылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекетінің хаттамасында жәбірленушінің, оның өкілінің, сондай-ақ куәлардың (куәгерлердің) жеке басы туралы деректерді келтірмейді, қорғалатын адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты мен қоятын қолын қолданады.
5. Егер тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылса не iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері әзірленсе, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада сондай-ақ оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану талаптары мен тәртiбi, осы құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi аталуға тиiс.
6. Хаттама танысу үшiн тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге жататын ескертулер жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер келісілуге және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиiс.
7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қояды. Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда, бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 123-бабының жетіншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
8. Хаттамаға тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, өзге ақпарат жеткізгіштер, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері қоса тiркеледi.
9. Егер тергеу әрекетін жүргiзу барысында маман өз зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тiркеледi, бұл туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.06.2021
№ 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.