13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.
2. Осы баптың 5-тармағында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектiлеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодексте:
1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;
2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;
3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;
4) бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.
4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар талаптарын орындауын бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
5. Осы тараудың күшi:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
4) жедел-iздестiру қызметi;
4-1) қарсы барлау қызметі;
4-2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
6. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
7. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 38-бабының күші қолданылады.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, бақылау және қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін заңдарында белгіленеді.
9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
10. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
11. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
5. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.
6. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.
Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Заң 131-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 132-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
134-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.
4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
136-бап. Жедел ден қою шаралары
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп төндiретін жағдайда, қолданады.
3. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.
4. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.
137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары
1. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі – осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексеру;
2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын
алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мен қадағалау:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауға бөлінеді.
3. Бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабының
3-тармағына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне олардан төнетін қатердің профилактикасы мен алдын алу мақсатында олардың жасалу себептері мен жағдайларын жою үшін ұсынымдар беруге бағытталған бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау болып табылады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.
Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында, табиғи монополиялар салаларында – осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.
4. Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды қоспағанда, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы
3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.
Егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса,
осы Кодекстің 147-бабы 2-тармағының бірінші бөлігін қоспағанда, осы Кодекстің 141 – 147-баптарының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мынадай шарттар сақтала отырып, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелу және бақылау және қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғамай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жоюдың тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалары) жасалады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттарын, құралдарын, оларды жүргізу тәсілдерін, субъектілерінің тізбесін, жүргізу жиілігін, есепке алу тәсілін міндетті түрде көрсете отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғаудың мүмкін болмауы бөлігінде мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды респонденттерге қатысты жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз бола алады.
Ескерту. 137-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
6-1) 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен;
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
9) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану саласында;
10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
27) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
30) жердi пайдалану мен қорғауға;
31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
34) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;
39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
40) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына;
45) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
46) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
52) ақпараттандыру саласында;
53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
60) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
60-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;
62) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
63) бәсекелестікті қорғау саласында;
64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;
65) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
66) бағалау қызметi саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;
Ескерту. 68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданылды - осы Кодекстің 324-бабымен.
68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;
69) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасының сақталуына;
70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
72) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
73) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;
76) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне;
77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;
78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
79) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;
83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
84) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
85) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
88) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында;
90) биоотын айналымы саласында;
91) биоотын өндiру саласында;
92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;
92-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына;
93) ғарыш қызметi саласында;
94) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
97) ветеринария саласында;
98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
100) автомобиль жолдары саласында;
101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
104) рұқсаттық бақылау саласында;
105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
106) өнеркәсiп саласында;
107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
108) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
110) мемлекеттік статистика саласында;
111) органикалық өнім өндіру саласында;
Ескерту. 111) тармақшасы органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 324-бабымен.
112) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады;
114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына;
115) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында;
116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.
Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
10-1) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласында;
11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
16) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
17) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк
саласында;
19) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану
саласында;
20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласында;
21) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру саласында;
22) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында
жүзеге асырылады;
23) 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен.
Ескерту. 139-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері
Ескерту. 140-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттік органның лауазымды адамының бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару;
2) профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының
2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінің бірін жасау жолымен тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізеді.
2. Бақылау және қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының
2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің
және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы болып табылады.
3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы Кодекстің 137-бабының және осы параграфтың күші:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік тазартуды аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині саласында бақылау және қадағалау, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау бекеттерінде ветеринариялық бақылау жүргізуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) "Ішкi су көлiгi туралы" және "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
7) тірі малды, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда базарларында, жануарлардан
және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды,
өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) жануарлар дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын
бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
балық шаруашылығының су айдындарында – балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері, құрал түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) жүргізілуіне;
аңшылық шаруашылығы аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі және түрі, олардың жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарының сақталуына;
10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына;
12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралар шеңберiнде Қазақстан Республикасының жарылғыш заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
12-1) Қазақстан Республикасының азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді бақылауға және қадағалауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына;
16) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін, он сегіз жасқа дейінгі адамдарға темекі бұйымдарын сатуды, балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына;
17) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
20) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
21) Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына;
22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
23) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
24) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
25) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
26) қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі I және IІ санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер үшін – атом энергиясын пайдалану саласына байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 13),
15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 22) және
26) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 12) (есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар саласында), 13), 21) және 22) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы актілер тексеру басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және қадағалау органдары тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған нысан бойынша ұсынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қабылдайды.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылатын тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 140-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 170-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
141-бап. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін)
топтарға бөлу
1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер, осы баптың
3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2), 4) және 7) тармақшаларына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде
салдарының ауырлық дәрежесі ескеріліп, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені тәуекелдерді бағалау жүйесі болып табылады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында:
1) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты – атом энергиясын пайдалану саласында;
2) өрт қауіпсіздігі саласында;
3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін, әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығын және уақтылығын қамтамасыз ету саласында;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
5) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
7) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіруді, дайындауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін жүргізу мерзімділігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Бақылау және қадағалау субъектiсінiң тiкелей қызметiне, салалық даму ерекшелiктерiне және осы дамуға әсер ететiн факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектiлерiн (объектілерін) әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемшарттары болып табылады.
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
Жартыжылдық графиктер өздеріне қатысты тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында нақ сол бақылау және қадағалау субъектiлері белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган графиктердің жобаларын реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектiлерді тексерулер жүргізу графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер осы Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың
интернет-ресурстарында орналастырылады.
Реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдері өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың
10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың
25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Осы тармақтың үшінші – оныншы бөліктері мынадай жағдайларда:
1) егер бару «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны бергенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін бақылаумен байланысты болса;
2) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болса;
2-1) егер бару «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындылары бойынша өнім үлгілерін іріктеумен байланысты болса;
3) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астықтың сапасын айқындау үшін оны қабылдау,
тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды іріктеумен байланысты болса;
3-1) жануарлардың аурулары мен олардың тамақтан улануының, карантинді объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін, карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің, зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтау, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізілген;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтимал түрде жаппай қатер төндіруі мүмкін болған жағдайларда, осы бұзушылықтардың профилактикасы мен алдын алу мақсатында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған;
5) электр станцияларында, қазандықтарда, электр және жылу желілерінде негізгі жабдықтың тоқтап қалуына, өртке, жарылыстарға, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген технологиялық бұзушылықтардың туындағаны туралы хабарламалар келіп түскен;
6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған;
7) табиғи монополиялар салаларындағы, осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылау жүзеге асырылған жағдайларда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге қолданылмайды.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық фактілері туындауының себептерін анықтау үшін осы Кодекстің
114-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеруді жүргізу жеткіліксіз болған және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін:
1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) аясын айқындау мақсатында қолда бар барлық ақпаратқа, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы бекіткен қосымша тізімі қалыптастырылады;
3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасы болып табылады.
Осы тармақтың он бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы шешімді негізсіз
қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші
басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы тәртібінің негізінде әзірленеді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыруы қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Кодекстің 144-бабының
3-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 137-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Төртінші топқа өздеріне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау ғана жүргізілетін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) жатады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 137-бабына
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын қызметінің салаларын осы баптың 3, 5 және
6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызуды, сондай-ақ жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) бөлуді әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін реттеуші мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
8. Бірінші және екінші топтарға жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерден және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудан босату жағдайлары айқындалған болса;
3) егер субъектілер «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүше болуға (қатысуға) негізделген
өзін-өзі реттеу ұйымының мүшелері болып табылса, кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті қызмет салаларындағы үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.
Ескерту. 141-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
143-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші мемлекеттік орган және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптардың тізбесін қамтиды.
Тексеру парағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.
Біртекті топтар деп нақ сол талаптар қойылатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.
Тексеру парағы мынадай шарттар ескеріле отырып қалыптастырылады:
1) талаптар осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленуге тиіс;
2) олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар енгізіледі;
3) талаптар жалпы сипатта бола алмайды және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамти алмайды;
4) талаптардың тұжырымдары мейлінше қысқаша болуға, нақты мағынаны және әртүрлі түсіндірілуге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексерілуге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жатады.
Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
144-бап. Тексеру түрлерi
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) жоспардан тыс тексерулер.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау
органы нақты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен
мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
3. Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
1-1) субъект анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермеген және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшаттарында айқындалған, анықталған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2) оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жүгінімдері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
3-1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабархат);
4) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке
және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;
7) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты алу мақсатында бақылау және қадағалау субъектiсі азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшiншi тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
8) бақылау және қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгініміне байланысты қайта тексеру;
9) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
10) салық төлеушiнiң өтiнiштерi, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәлiметтер мен мәселелер;
11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
12) адамның өміріне, денсаулығына және өмір сүру ортасына қауіп туғызатын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, өнімді іріктеу және оның санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері;
13) денсаулық сақтау субъектісі эпидемияның, карантиндiк объектiлер мен аса қауiптi зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттiк аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындағаны немесе туындау және таралу қатерi туралы беретін ақпарат (шұғыл хабархат) негіздер болып табылады.
4. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
5. Жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
6. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда, объектiлерге жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүргiзiледi.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшесінің ақпаратты (шұғыл хабархатты) алуы негіз болып табылады.
7. Жалған пестицидтердi өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк
заттар мен медициналық бұйымдарды
өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiні алдын ала хабардар етпестен жүргiзiледi.
8. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде ұсына отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы акт тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу деп есептеледi.
9. Жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн тізбеленген негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметті әділет органдарында немесе тіркеуші органда тiркелместен жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
10. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
145-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт
Ескерту. 145-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
1. Тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.
2. Тексеру тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзу мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
10) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның
мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жағдайында, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;
6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы;
7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі;
8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;
9) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
10) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
146-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен
қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың
мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
1. Мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы
акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.
Мемлекеттік кіріс органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтық қарсы тексерулерді жүргізу кезінде тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы органдарды хабардар етеді.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.
2. Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) тұрған жерiндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оларды ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну жолымен тiркейдi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркеледі.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне)
бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау
туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою
туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне)
бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiгi қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiгiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Ескерту. 146-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
147-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен
қадағалауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 3-1), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
мен қадағалауды жүргізу кезiнде бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы олар басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.
Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы хабарламаны қолма-қол табыс етеді, табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.
Осы тармақтың күші вакциналар әкелуді, сапасы мен қауіпсіздігіне сараптаманы, сатып алуды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүргізілетін тексерулерге қолданылмайды.
2. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтарды тікелей жасау кезінде олардың жолын кесу қажеттілігіне қарай жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
3. Бақылау және қадағалау органының объектіге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау үшін келген лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгі қойылған тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдi объектілерге баруға арналған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiлген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісін тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағымен таныстыру күні тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу үшін қажетті материалдарға қол жеткiзуiне кедергі келтiрiлген жағдайларда хаттама жасалады. Хаттамаға бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебіне жазбаша түсiнiктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
5. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізе алады. Бұл ретте тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетіле отырып хабардар етiледi.
6. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Нақ сол мәселелер шеңбері бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектісіне бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының болуы;
3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдарының бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
8) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеруді қоспағанда, осы орган әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркеуге мiндеттi.
Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
149-бап. Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Өнiм үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.
Ірiктеп алынған өнiм үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiм үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiмен бiрге сараптама жүргізу (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
Өнiмнің үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiн сақтау және тасымалдау шарттары осы үлгiлердiң сараптамасы (талдау, сынақ) жүргізілетін өлшемдерді өзгертпеуге тиiс.
Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiм үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъект өзiнде қалған үлгiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттiк берілген ұйымда өз бастамасы бойынша сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптама (талдау, сынақ) нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.
150-бап. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны және күнi;
2) өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және тұрған жерi;
5) тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
151-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезіндегі шектеулер
Ескерту. 151-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің белгiленген мерзiмдерiн асыруға;
6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 3), 3-1), 4), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.
Ескерту. 151-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Ескерту. 152-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;
9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.
Тексеру нәтижелері туралы актіге:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама не «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де құжат;
2) өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері – олар болған кезде қоса беріледі.
Жүргізілу барысында тексеру парақтарының талаптарын бұзушылықтар анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
Нұсқама осы Кодекстің 152-1-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жасалады.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.
3. Тексеру нәтижелері туралы акт және нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда беріледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.
Электрондық нысандағы тексеру нәтижелері туралы актіге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша «электрондық үкіметтің»
веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына да жіберіледі.
4. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Тексеру жүргізген мемлекеттік орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде, бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлетін әрекеттер туралы жазба жасауға мiндеттi.
6. Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
8. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
10. Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру нәтижесінде анықталған, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының
1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау
нәтижелерін ресімдеу тәртібі
1. Тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде жүргізілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бұзушылықтар болған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша ықтимал іс-қимылдарға ұсынымдар және оларды көрсету;
8) бақылау және қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнге айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау және қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және
3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да
іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.
Электрондық нысандағы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.
Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты тексеруді жүргізген мемлекеттік органның басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге құқылы.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне қорытынды (бұзушылықтар болмаған жағдайда) не бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың аяқталу мерзімінен кешіктірілмей анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күн бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде беруге міндетті.
8. Бақылау және қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижесінде анықталған, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау органына тиісті ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы
3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.
Ескерту. Кодекс 152-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары
Егер тексеру жүргiзу нәтижесiнде тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шараларды қолдануға мiндеттi.
Тексерiлетiн субъектiге қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолданылған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.
Ескерту. 154-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
Ескерту. 155-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген
тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен
қадағалаудың жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды осы Кодексте белгіленген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру актісі және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бақылау және қадағалау субъектілерінің бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.
Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру актісінің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау және қадағалау субъектісінің тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою туралы және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау және қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;
3) хабарламаның болмауы, сол сияқты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның мерзімдерін сақтамау;
4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
5) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің осы Кодекстің
141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген мерзімділігін бұзу;
6) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні бақылау және қадағалау субъектісіне ұсынбау;
7) мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауы;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу;
9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін бұзу;
10) тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулердің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар болмаған кезде, осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының
1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу жатады.
Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.