3-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
10-тарау. ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
113-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес өнімге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеуді және орындауды, өнімге, процестерге және қызметтер көрсетуге, сәйкестікті бағалауға және мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдануды білдіреді.
Ескерту. 113-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
114-бап. Техникалық реттеу объектілері
Техникалық реттеу объектілері мыналар болып табылады:
азаматтық авиация өнімін, мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе заңға сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын пайдалануда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы) қоспағанда, өнім;
өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері;
ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және реттелуі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ерікті сертификаттау бөлігіндегі көрсетілетін қызметтер.
Ескерту. 114-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
115-бап. Техникалық реттеу субъектілері
Мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін жеке және заңды тұлғалар және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Ескерту. 115-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-тарау. БАҒАЛАР МЕН ТАРИФТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бағалары мен тарифтерін мемлекеттік реттеу
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді кәсіпкерлік субъектілері дербес айқындайды.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында бағалар мен тарифтерді реттеуді белгілейді.
3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің мынадай тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына;
2) табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
3) мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
4) мемлекеттік бағалық реттеу енгізілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге);
5) трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын, халықаралық іскерлік операциялардағы және халықаралық іскерлік операцияларға байланысты мәмілелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге;
6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге;
6-1) дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітуге;
7) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бағаларды белгілеуге;
8) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуге;
9) туындаған проблемаларды бәсекелестік жай-күйі үшін теріс салдары аз тәсілмен шешу мүмкін болмаған жағдайда, табиғи монополия жағдайындағы емес тауар нарықтарында белгілі бір жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде;
10) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітуге;
11) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын бекітуге;
12) энергия өндіруші ұйымдардың тарифтерін бекітуге;
13) субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге;
14) қоғамдық маңызы бар нарықтарда бағалар мен тарифтерді реттейді.
Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен.
117-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу
1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етiлетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін
жергілікті атқарушы органдар
бекітеді.
Бағалардың негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шектерде ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн, бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi сауда қызметiнiң субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi болып табылады.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда,
жергілікті атқарушы органдар
белгiлейтiн бөлшек сауда бағаларының деңгейi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары деп танылады.
2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беруге шарттар жасасу кезінде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талапты бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз болады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда,
жергілікті атқарушы орган сауда қызметі субъектілерімен консультациялар өткізгеннен кейін
күнтiзбелiк тоқсан күннен аспайтын мерзiмге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеуге құқылы.
Ескерту. 117-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру
1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.
Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
119-бап. Мемлекеттік баға реттеу
Уақытша шара ретінде Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) жекелеген нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік баға реттеу енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.07.2022 № 131-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізілетін) Заңымен.
120-бап. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу
1. Мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің өтінімдерін қарау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес жария тыңдаулар өткізеді.
2. Монополияға қарсы орган осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қағидаларға сәйкес мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарлардың бағаларына сараптама жүргізеді.
3. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері жазбаша түрде мыналарды:
1) тауарларға мемлекеттік монополия, арнайы құқық енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты;
2) өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептерін растайтын негіздеуші материалдарды бере отырып, кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тауарларға бағалардың алдағы өзгеруі (көтерілуі және (немесе) төмендеуі) және олардың өзгеру (көтерілу және (немесе) төмендеу) себептері туралы хабарламаны беруге міндетті.
4. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімі хабарлама немесе ақпарат қарауға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды. Сараптама жүргізудің жалпы мерзімі күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспауға тиіс.
5. Монополияға қарсы орган хабарламаны немесе ақпаратты қарау барысында осы Кодексте белгіленген мерзімдерде мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісінен шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
6. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде хабарламаны немесе ақпаратты қарау мерзімі мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі тиісті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
7. Монополияға қарсы орган мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектісі қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін хабарламаны немесе ақпаратты қарауды қайта бастайды.
8. Тауарлардың бағаларына сараптама жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
120-1-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу
Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тарау 120-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
121-бап. Халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасасу кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан ерекшеленетін және "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тараптарының бiрi Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелер; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.
122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды реттейді.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шектi бағаларды белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларынан асырмауға міндетті.
Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізушілер бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағалар мемлекеттік реттелген жағдайда, шекті бағалар айына бір реттен асырылмай белгіленеді.
Ескерту. 122-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
122-1-бап. Дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекіту
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік заттарға арналған шекті бағаларды бекітеді.
2. Дәрілік заттарға баға белгілеу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. Кодекс 122-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған
жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары
ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен
бөлшек сауда бағаларын белгiлеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi.
Ескерту. 123-бап жаңа редакцияда – ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
124-бап. Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.
Ескерту. 124-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
124-1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекіту
Ескерту. 124-1-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын бекітеді.
Ескерту. 11-тарау 124-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2018 № 173-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
124-2-бап. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде
ұлттық оператор сатып алатын шикі және
тауарлық газ бағасын бекіту
Ескерту. 124-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңымен.
Мемлекет Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газ бағасын бекітеді.
Ескерту. 11-тарау 124-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) заңдарымен.
124-3-бап. Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі
Энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-тарау 124-3-баппен толықтырылды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
124-4-бап. Субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
Мемлекет Қазақстан Республикасының пошта, байланыс, автомобиль көлігі және теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес пошта, байланыс және тасымалдау саласындағы субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттейді.
Ескерту. 11-тарау 124-4-баппен толықтырылды - ҚР 09.04.2016 № 499-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
11-1-тарау. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
Ескерту. Кодекс 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР 28.12.2016 № 34-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
124-5-бап. Қоғамдық маңызы бар нарықтар
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай:
1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;
2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықтар жүргізуге, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуға дайындығын қамтамасыз ету;
3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;
4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авициялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету;
5) мыналарды:
теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді;
контейнерлерде, контрейлерлік жөнелтілімдермен жүктерді, бос контейнерлерді және бос фитингілік платформаларды теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған нарық субъектілеріне қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу жиынтығында мынадай талаптарға сай келетін:
1) бұрын бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған реттелетін нарық субъектілері көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұтынушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтер көрсететін;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған тұтынушыларға көрсетілген қызметтер көлемі бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтері көлемінің отыз бес және одан да көп пайызын құрайтын нарық субъектілеріне де қолданылады.
4. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасасады.
Ескерту. 124-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
124-6-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің бағаларына мониторингті жүзеге асырады;
5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
5-1) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды:
шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарлама
іс-шараларының орындалмауына;
шекті бағаларда ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алуға және (немесе) беруге арналған қаражаттың пайдаланылмауына;
шекті бағаларда ескерілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуіне;
табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағадан асып кетуге байланысты алынған кіріс мөлшерінде төмендетеді;
6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың өсетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;
7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Кодексте көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізеді;
8) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі нұсқамаларды орындамаған жағдайда, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісін нұсқамада көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
10-1) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VІ Заңымен;
10-2) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасында көзделген уақытша теңгерімдеуші төлемді есептеу және төлеу қағидаларын теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 124-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VІ (01.01.2022 дейін қолданыста болды); 29.12.2022 № 174-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
124-7-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау
1. Бағаларды мемлекеттік реттеу және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауын мемлекеттік бақылау тұтынушылар мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.
2. Қоғамдық маңызы бар нарықтарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіретін (өткізетін) жеке немесе заңды тұлға қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі болып табылады.
3. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және міндеттерді сақтауына мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осы Кодексте және қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 124-7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
124-8-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттері
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі:
1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға:
табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі және босату бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей;
жарты жылдың, жылдың қорытындылары бойынша, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы ақпаратты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың
1 мамырынан кешіктірмей;
бағаларға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімдерде электрондық нысанда;
баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынуға;
осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және
5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты растайтын материалдарын қоса бере отырып, есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсынуға;
2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын негіздеуші материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы ақпаратты кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын электрондық нысанда беруге;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібін сақтауға;
4) шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес орындауға;
4-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында мыналарды:
осы Кодекстің 124-5-бабы 1-тармағының 2), 4) және
5) тармақшаларында көрсетілген қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген, электр энергиясын, тауарлық газды сатып алу және (немесе) беру жөніндегі қаражатты пайдалану туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
шекті бағада ескерілген, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде жекелеген тұтынушылар топтарының тұтыну көлемдерінің асып кетуі нәтижесінде алынған кіріс туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның орындалғаны не орындалмағаны туралы жартыжылдық ақпаратты есепті жарты жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей;
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды асыру туралы ақпаратты және негіздеуші материалдарды олар табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісу үшін жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орналастыруға;
5) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;
6) шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган осындай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған кезде қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті баға деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;
7) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның нұсқамаларын табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімдерде орындауға міндетті;
8) өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Ескерту. 124-8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
124-9-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары мен міндеттері
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша сатып алуға;
2) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ол қабылдаған шешімдерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
3) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және (немесе) сот тәртібімен шағымдануға;
4) жария тыңдауларға қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарының болуына құқылы.
2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген шекті бағалардан (алымдар мөлшерлемелерінен) аспайтын бағалар бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі белгілейтін техникалық талаптарды орындауға міндетті.
Ескерту. 124-9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің
баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын
мемлекеттік бақылау
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай ден қою шаралары қабылданады:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
2) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің бұзылуын жою туралы нұсқама шығару;
3) құқық қорғау және өзге де органдарға материалдарды беру.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүзеге асырады.
4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалып, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріледі.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным
оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оны
табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты оларға бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Ескерту 11-1-тарау 124-10-баппен толықтырылды - ҚР 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер
129-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін белгілеу мақсатында жүзеге асырылады және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу, осы баптың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықтық мәртебесі мен қызмет түрлеріне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодексте:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі;
2) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
4) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
4. Осы бапты,
осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1,
2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жол жүрісі
қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
2) көліктегі қауіпсіздік
талаптарын сақтау тұрғысынан көліктік бақылау бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
3) «Ішкі су көлігі
туралы» және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын мемлекеттік
бақылау мен қадағалауға;
4) тірі малды,
жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін сауда
базарларында, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізатты
бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта
өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
мен қадағалауды және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыруға;
5) ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар, мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
мен орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер
дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
мақсатына;
5-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға;
6) жануарлар дүниесі
объектілерінің санкциясыз алып қойылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыру мақсатында:
балық шаруашылығы
су айдындарында – балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемі, балық аулау мөлшерлері,
құралдарының түрлері мен тәсілдері, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен
тыйым салулар, кейдейсоқ аулау бөлігінде, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа
да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналы) жүргізуге;
аңшылық шаруашылығы
аумағында – жануарларды аулау құралдарын алып қою, аулау тәсілі мен түрі, олардың
жыныстық-жастық құрамы, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар
бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын сақтауға;
7) карантиндік
аймақтардағы және жануарлардың аса қауіпті ауруларының қолайсыз пункттеріндегі,
ошақтарындағы, карантиндік объектілердің, аса қауіпті зиянды организмдердің таралу
ошақтарындағы іс-шараларды мемлекеттік бақылауға
және қадағалауға;
8) жолаушылар пойыздарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын мемлекеттік бақылауға;
9) жергілікті
атқарушы орган белгілеген орындардан тыс
сауда-саттыққа;
10) халықтың көші-қоны
саласындағы мемлекеттік бақылауға;
11) жиырма бір жасқа толмаған адамдарға алкоголь
өнімін, темекі өнімін сатуды, балалар үшін тыйым салынған ақпарат қамтылатын ақпараттық
өнімді он сегіз жасқа толмаған адамдарға таратуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың
ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының
заңнамасы талаптарының сақталуына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісін
(объектісін), оларды жүргізу уақытын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісінің
(объектісінің) тұрған жерін күні бұрын айқындау мүмкін болмаған кезде мемлекеттік
бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
5. Осы бапты, осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы талаптарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
6. Осы Кодекстің
130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын
және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) жер қойнауын
пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе)
лицензиялар талаптарын орындауын мемлекеттік бақылау;
2) жеке-дара қолданылатын
құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау;
3) Қазақстан Республикасының
заңнамасында көзделген шарттар мен өзге де мәмілелердің орындалуын мемлекеттік бақылау
бөлігінде шарттық қатынастарды орындауға байланысты мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
7. Осы тараудың күші «Рұқсаттар және хабарламалар
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және егер Қазақстан
Республикасының заңнамасында рұқсаттық бақылау көзделген болса, рұқсат және (немесе)
рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру
талаптарына сәйкестігіне рұқсаттық бақылау жүргізуге қолданылмайды.
8. Осы Кодекстің 131-бабының
1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын
қоспағанда, осы тараудың күші кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.
9. Осы бапты (мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық
бақылау мен қадағалау, өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бөлігінде),
осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын
және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде
және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік
тазартуды аяқтау орындарында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен
қадағалауды, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, өсімдіктерді
қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізуге, сондай-ақ фитосанитариялық және
ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау
мен қадағалауды, ветеринариялық-саниатариялық бақылауды жүргізуге байланысты мемлекеттік
бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
10. Осы бапты,
осы Кодекстің 130-бабының 1-тармағын, 131-1, 143, 144, 151, 153, 154, 155, 156 және
157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші орындалуын мемлекеттік бақылау мемлекеттік
кірістер органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
11. Осы бапты,
осы Кодекстің 130-бабын, 131-бабының 1,
2, 3 және 4-тармақтарын, 138 және 139-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың
күші Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз
ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қаржы нарығын, қаржы
ұйымдарын, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарын, төлем ұйымдарын,
сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге
асыруға қолданылмайды.
12. Осы тараудың
күші:
1) прокуратура
органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына
жоғары қадағалау;
2) қылмыстық
іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында бақылау мен қадағалау;
4) жедел-іздестіру
қызметі;
6) жұмылдыру
дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар
туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
13. Осы бапты,
осы Кодекстің 130, 131-1, 133-баптарын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын және 157-бабын қоспағанда,
осы тараудың күші:
1) ішкі істер
органдары:
Қазақстан Республикасының
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы заңнамасы
талаптарының сақталуы;
жеке тұлғалардың
азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауы;
осы Кодекстің
133-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық
іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының есірткі құралдарының, психотроптық
заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша
жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау;
2) террористік
тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігінде
Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының
сақталуы;
3) Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы;
4) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының
жарылғыш заттардың заңды айналымы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы салаларындағы
қатынастарға қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын, Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауында
реттеледі.
14. Осы бапты,
осы Кодекстің 130-бабының 1 және 3-тармақтарын,
131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы тараудың күші жеке
және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
жөніндегі талаптарды сақтауына байланысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қолданылмайды.
15. Бұл ретте,
осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында, 5 (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін
қоспағанда) және 10 (акциздік бекеттердегі бақылауды қоспағанда)-тармақтарында,
13-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында
көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және
арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
Бұл ретте,
осы баптың 4-тармағының 11) тармақшасында,
13-тармағының 1) (есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар
саласындағы) және 2) тармақшаларында көрсетілген тексерулерді тағайындау туралы
акт тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және
арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелуге жатады.
Бақылау және
қадағалау органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей,
құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың
бірінші бөлігінде көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген
тексерулер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған
нысан бойынша ұсынады.
16. Осы Кодекстің
130-бабын, 131-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарын, 131-1-бабын, 154-бабының 2 және 3-тармақтарын
және 157-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) мемлекеттік
қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды;
2) мемлекеттік
органдар субъектілері болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
17. Осы баптың
4, 5, 6, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүргізу тәртібі және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында
реттеледі.
Осы баптың 8 және
9-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
және бұл ретте туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарында және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын
құрайтын актілерде регламенттеледі.
18. Осы баптың 5, 6 және
12-тармақтарында санамаланған қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде Қазақстан Республикасының
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 38-бабының күші қолданылады.
Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында, халықаралық шарттарда және Еуразиялық экономикалық одақтың
құқығын құрайтын актілерде осы баптың 8-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүргізуге тыйым салынады.
19. Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында осы баптың 4, 5, 6, 9, 11, 12 және 14-тармақтарында көрсетілген
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін регламенттеу болмаса, мемлекеттік
бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
20. Кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және
139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге
асырылады.
21. Осы Кодекстің
138 және 139-баптарына қызметтің жаңа салаларын енгізу үшін реттеуші мемлекеттік
органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын
ала жүргізуге тиіс.
22. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей
көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының осы заңдарында
реттелген қатынастарға қолданылады.
Ескерту. 129-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
130-бап. Мемлекеттік
бақылау мен қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
1. Экономикалық
қауіпсіздікті, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды
үнемдеуді, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен жеке және заңды тұлғалардың
конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда,
мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің, технологиялық
процестердің адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды,
қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың мақсаты болып табылады.
2. Осы Кодекстің
141-бабының 6-тармағында, 143-бабының 1-тармағында,
144-3-бабының 1-тармағында және 144-4-бабының
5-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, мемлекеттік
органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу
тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдауына
тыйым салынады.
3. Мемлекеттік
бақылау мен қадағалаудың міндеттері:
1) құқық бұзушылықтардың,
зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік
бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру;
3) анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар
қабылдау болып табылады.
Ескерту. 130-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне арналған кепілдіктер
Ескерту.
131-баптың тақырыбы
өзгеріс енгізілді
– ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк
бақылау мен қадағалауды
осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық,
мемлекеттік
бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу
мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін
көтермелеу, құқық бұзушыларға
мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу көзделсе, осы Кодекстің 144-1-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге тыйым салынады.
6. Жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалардан және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқық мирасқорларынан басқа) күннен бастап үш жыл ішінде оларға қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мемлекеттік бақылау бөлігіндегі ережесі салықтық тексерулерге ғана қолданылады.
Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
131-1-бап. Бірыңғай есеп беру күні
1. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
2. Астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың профилактикасы бойынша кездесу Бірыңғай есеп беру күні болып табылады.
Ескерту. Заң 131-1-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
132-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері
мен объектілері. Мемлекеттік бақылау және
қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)
қызметіне қойылатын талаптар
1. Қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар,
олардың филиалдары мен өкілдіктері, мемлекеттік органдар
мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiсінде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын мүлік мемлекеттік бақылау және қадағалау объектісі болып табылады.
2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектiлерінiң (объектілерінің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.
Ескерту. 132-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi
Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.
134-бап. Мемлекеттік бақылау
1. Бақылау және қадағалау органының
бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)
қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады.
2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
3. Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалады.
4. Бақылау және қадағалау органы
бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері)
қызметiнiң осы Кодекстің
132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан
тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Ескерту. 134-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
135-бап. Мемлекеттік қадағалау
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және байқау жөніндегі қызметі мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы беріледі.
2. Қадағалау бақылау және қадағалау органының әкімшілік іс жүргізуді қозғамай жедел ден қою шараларын қолдануын білдіреді.
3. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес прокуратура органдары мемлекет атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау;
2) бақылау және қадағалау органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіп пен шарттарда жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.
Ескерту. 135-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
136-бап. Жедел ден қою шаралары
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында
бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне)
бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі болмаса, бұл шараларды қолдануға тыйым салынады.
2. Егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі, тауары (жұмысы, көрсететін қызметі) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздерді;
2) жедел ден қою шараларының түрлерін және талаптарды нақты бұзушылықтарға оларды қолдану шарттарын;
3) жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдеу тәртібін қамтиды.
Осы Кодекстің 143-бабына сәйкес тексеру парағына енгізілген, бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 139-бабында айқындалған қызмет салаларында жедел ден қою шараларын қолданады.
137-бап. Бақылау нысандары
1. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау:
1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау;
2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) бақылау мақсатында сатып алу.
3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру);
2) жоспардан тыс тексерулер.
4. Бақылау нысандарының бірі ретінде тергеп-тексеру осы Кодекстің 144-4-бабына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органдары әрекеттерінің кешенін білдіреді.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді бақылау және қадағалау органдары мынадай әрекеттердің бірін жасау:
1) бақылау және қадағалау органы лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) баруы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты сұрату;
3) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында және 143-бабының 3-тармағында көзделген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту арқылы жүргізеді.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптарды сақтауы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасы болып табылады.
7. Профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде осы Кодекстің 136-бабының ережелеріне сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
Бақылау және қадағалау органы профилактикалық бақылауды немесе тексеруді жүргізу барысында жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдануға негіз болып табылатын тексеру парағының талаптарын бұзу фактісін байқаған кезде жедел ден қою шарасын (шараларын) қолдану туралы тиісті нұсқаманы (актіні, қаулыны) ресімдейді.
Ескерту. 137-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Бақылау:
1) электр энергетикасы саласында;
2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
5) газ және газбен жабдықтау саласында;
6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
6-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында;
7) көмірсутектер, уран өндіру саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде;
8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
9) ықтимал радиациялық қауіпті қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін атом энергиясын пайдалану саласында;
10) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
14) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;
17) техникалық реттеу саласында;
18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
19) метрология саласында;
20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
23) тұқым шаруашылығы саласында;
24) астық нарығын реттеу саласында;
25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
27) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
29) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
30) жердi пайдалану мен қорғауға;
31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
33) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
34) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
35) азаматтық қорғаныс саласында;
36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
37) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
38) дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында;
39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
40) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
44) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуына;
45) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
46) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;
48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
52) ақпараттандыру саласында;
53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
60) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
60-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
61) Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелерi туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының валюта заңнамасының сақталуына;
62) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
63) бәсекелестікті қорғау саласында;
64) тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануға;
65) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
66) бағалау қызметi саласында;
67) табиғи монополиялар салаларында;
68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;
Ескерту. 68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданылды - осы Кодекстің 324-бабымен.
68-1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібін және осы Кодексте белгіленген міндеттерді сақтауына;
69) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасының сақталуына;
70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
72) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
73) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;
76) террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне;
77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;
78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
79) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;
83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
84) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
85) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
88) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында;
90) биоотын айналымы саласында;
91) биоотын өндiру саласында;
92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;
92-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына;
93) ғарыш қызметi саласында;
94) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
97) ветеринария саласында;
98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
98-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында;
99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
100) автомобиль жолдары саласында;
101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
104) рұқсаттық бақылау саласында;
105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
106) өнеркәсiп саласында;
107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
108) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
110) мемлекеттік статистика саласында;
111) органикалық өнім өндіру саласында;
Ескерту. 111) тармақшасы органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - осы Кодекстің 324-бабымен.
112) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
113) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында жүзеге асырылады;
114) Қазақстан Республикасының лотерея және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына;
115) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға қатысты өндіріс пен айналым саласында;
116) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының
сақталуына;
117) цифрлық активтер саласында жүзеге асырылады.
Ескерту. 138-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2016 № 445-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (06.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа
енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
06.02.2023
№ 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары
Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
10-1) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласында;
11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында;
12) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
16) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
17) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен;
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк
саласында;
19) атом энергиясын пайдалану саласында;
20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану саласында;
21) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру саласында;
22) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласында;
23) өрт қауіпсіздігі саласында жүзеге асырылады.
Ескерту. 139-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
2-параграф. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
140-бап. Тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне
(объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылау мен қадағалаудың жалпы мәселелері
Ескерту. 140-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
141-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісі қызметінің нәтижесінде салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы тәуекел болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау деп бақылау және қадағалау органдарының зиян келтіру ықтималдығын өлшеу жөніндегі қызметі түсініледі.
2. Бақылау және қадағалау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі деп қызметтің тиісті салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін барынша аз мүмкін болатындай дәрежеде шектеу мақсатында, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерден босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі түсініледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарты болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің (бұдан әрі – тәуекел дәрежелері) біріне жатқызады:
4. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық маңыздылығы жоғары бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.
Тәуекелдің жоғары немесе орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
6. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидалары негізінде әзірленеді.
7. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін реттеуші мемлекеттік
органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) нақты тәуекел
дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе
тізімдерін автоматты режимде қалыптастыратын тәуекелдерді бағалау мен
басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүргізеді,
сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау
қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі
болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен
қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі белгілі
бір бақылау мен қадағалау саласындағы осындай бақылау мен қадағалау
субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару
жүйесін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, автоматты режимде қалыптастыру
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының өзіндік ерекшелігі мен құпиялылығы
ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және
басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің нысанасы болып табылатын талаптардың бұзылу дәрежесін айқындауға негіз болып табылады.
Талаптардың бұзылуы ауырлығына қарай өрескел, елеулі және болмашы болып бөлінеді.
Осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексеру парақтарында белгіленген талаптардың бұзылуын өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарға жатқызу реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай жағдайларда:
1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасаса;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалса;
3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болса, ақпараттық жүйе қолданыла отырып, бақылау мен қадағалау субъектілері қызметінің тиісті салаларында тәуекелдің жоғары дәрежесінен тәуекелдің орташа дәрежесіне немесе тәуекелдің орташа дәрежесінен тәуекелдің төмен дәрежесіне ауыстырылады.
10. Реттеуші мемлекеттік органдар ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне (қатысушысына) бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы жасалған келісімді ескере отырып, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында осындай мүшеліктің (қатысудың) болу фактісін жеңілдететін индикатор ретінде ескереді.
Осы баптың осы тармағы бірінші бөлігінің, сондай-ақ 9-тармағы 3) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету салаларына қолданылмайды.
11. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) бақылау нысандарын айқындауды реттеуші мемлекеттік органдар бақылау жүзеге асырылатын әрбір қызмет саласы үшін жүзеге асырады.
Ескерту. 141-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
142-бап. Ведомстволық есепке алу
Ескерту. 142-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
143-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші мемлекеттік орган мен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бірлескен актімен тексеру парақтарын бекітеді.
Бекітілген тексеру парақтары реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
2. Тексеру парағы бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын міндетті талаптардың тізбесін қамтиды, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келеді.
Тексеру парағы бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін бөліп жасалады.
Біртекті топтар деп сол бір талаптар қойылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) түсініледі.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады.
Тексеру парағына енгізілетін талаптар бір мезгілде мынадай өлшемшарттардың бәріне сәйкес келуге тиіс:
1) экономикалық қауіпсіздікті, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, адамдардың өміріне, денсаулығына, олардың мүлкін қорғауға, қоршаған орта үшін қауіпсіздікке, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей (тура) әсер ететін қызметпен (процеспен, әрекетпен) байланысты болу;
2) талаптардың сақталуын көзбен шолу, зертханалық зерттеу, қарап-тексеру және жете тексеру, растайтын құжаттардың бар-жоғын тексеру арқылы тексеруге болады;
3) талаптар жалпы сипатта болмауы және басқа нормативтік құқықтық актілерге сілтемені қамтымауы керек;
4) талапты бірнеше реттеуші мемлекеттік органның қайталауына жол бермеу.
Ескерту. 143-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі
1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабының 4-тармағында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары қолданылып жүзеге асырылады.
Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2. Тәуекелдерді бағалау мен
басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график талаптарға
сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады.
Тәуекелдерді бағалау мен
басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті
реттеуші мемлекеттік орган бекітеді.
График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру
тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде
көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты
жыл сайынғы негізде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде
автоматты режимде қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау органы сол бір бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру графигін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
Осы тармақтың ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеруге қолданылмайды.
4. Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау мен қадағалау субъектісіне хабар беруге міндетті.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған өрескел бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған, анықталған елеулі және болмашы бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушінің жолданымдары, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.
6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді.
7. Нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қатері төнген жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектілерде немесе бақылау мен қадағалау субъектілерінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден оны жүргізетін жерге дейін бір жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу деп есептеледі.
10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I–II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.
11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.
12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
13. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 144-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);
24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019
№ 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
144-1-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бақылау мен қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтерді және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырады.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жүргізудің мақсаттары, құралдары, тәсілдері, субъектілердің (объектілердің) тізбесі, жүргізу жиілігі, бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) байқауды есепке алу тәсілі міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалады.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мынадай шарттардың барлығы сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) бақылау және қадағалау органдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруына тыйым салынады;
2) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу әрі бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ бақылау мен қадағалау субъектісіне оны жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.
4. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.
Ескерту. Заң 144-1-баппен
толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
144-2-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау – бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін бақылауды білдіреді және оның нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау мен қадағалау субъектілеріне әкімшілік іс жүргізуді қозғамай оларды жою туралы нұсқама шығарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылады.
Нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, осы бақылаудың алдындағы жылы аталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына және 144-1-бабына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жасалған жағдайда жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жиілігін бақылау және қадағалау органдары жоғары және орташа тәуекел дәрежелеріне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жылына екі реттен жиілетпей айқындайды.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар реттеуші мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және өзге де цифрлық платформаларда қауіпсіздік режимін қамтамасыз ете отырып орналастырылады.
4. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық
жүйелерінде графиктер мен жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру
жағдайын қоспағанда, реттеуші, мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындалған объектілерді міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты қалыптастырылады.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық
жүйелерінде графиктер мен жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру
жағдайын қоспағанда, бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін, оның ішінде электрондық нысанда» құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін жібереді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама қолма-қол табыс етіледі, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
Осы тармақтың жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінің ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауға қолданылмайды.
5. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша осы Кодекстің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартпай, жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
6. Осы баптың ережелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті жол берілетін бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
Ескерту. Заң 144-2-баппен
толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
144-3-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
1. Бақылау мақсатында сатып алу деп бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы түсініледі.
Бақылау мақсатында сатып алу профилактикалық бақылаудың дербес түрі болып табылады, оны жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы бапта айқындалады.
2. Бақылау мақсатында сатып алу нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізу фактісін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Бақылау мақсатында сатып алу сатып алынған өнімнің тізбесі және бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы туралы ақпаратты қамтитын төлем құжатымен расталады.
4. Бақылау мақсатында сатып алудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары сатып алынған өнімнің нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін зерттеуді осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігіне сәйкес тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды кейіннен қолдану мүмкіндігімен жүзеге асырады.
5. Бақылау мақсатында сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында профилактикалық бақылаудың осындай түрін жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
6. Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыруға және сатып алынған өнімді зерттеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. Заң 144-3-баппен
толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
144-4-бап. Тергеп-тексеру
1. Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның жүзеге асырылуы осы бапта айқындалған.
2. Тергеп-тексеру мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және тиісті шаралар қолдану;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау болып табылады.
3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылықтарға жол берген нақты бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;
2) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуы туралы ақпарат (шұғыл хабархат);
3) эпидемияның, жалған және тіркелмеген пестицидтердің, ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындауы мен таралуы туралы мемлекеттік органдар немесе қызмет субъектілері беретін ақпарат (шұғыл хабархат);
4) еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлердің денсаулығын зақымдау жағдайлары және еңбекке жарамсыздыққа не өлімге алып келген жағдайлар;
5) алдындағы мән-жайларын анықтау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар немесе оқыс оқиғалар, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын, технологиялық процестерді бұзушылықтардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың немесе оқыс оқиғалардың салдарларын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, авариядан, технологиялық бұзушылықтан немесе оқыс оқиғадан келтірілген материалдық залалды айқындау;
6) нормативтік құқықтық актілерде және (немесе) нормативтік техникалық құжаттарда белгіленген талаптарды адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретіндей бұзушылық анықталған жағдайда, бақылау мақсатында сатып алу қорытындылары бойынша өнімді зерттеу нәтижелері.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде бақылау және қадағалау органы тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі мыналарды:
1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды;
2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдерін және ұзақтығын;
3) бақылау мен қадағалау субъектісін, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін;
4) тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;
5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын қалыптастыру шарттары мен тәртібін;
6) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.
7. Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау органдары тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісін (субъектілерін) айқындайды.
Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.
Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындыларын интернет-ресурста жариялайды.
8. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының заңдарында бақылаудың осындай нысанын жүргізу тікелей көзделген қызмет салаларында жүргізіледі.
Ескерту. Заң 144-4-баппен
толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
145-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт
1. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізіледі.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау мен қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасы;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің негіздері, оның ішінде міндетті талаптары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңі;
10) бақылау мен қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
146-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу
1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген қарсы тексерулер жүргізген кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
2. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғанға дейін оларды құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркейді.
Осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша аумақтық органына ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы, жоспардан тыс тексеру басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыптасуынан туындаса, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген болса, сондай-ақ бұзушылықтардың тікелей жасалуы кезінде олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажеттігіне орай бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру басталғаннан кейін келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 146-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
147-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының әрекеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:
1) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парағымен (ол болған кезде) таныстыру күні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын органның лауазымды адамының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
Хаттамаға бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.
Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы, бұл ретте бас тарту себебіне жазбаша түсініктеме береді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізе алады.
Бұл ретте, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті орган ауыстыру себептері көрсетіле отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.
4. Бір бақылау және қадағалау органының сол бір мәселелердің аясында бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бірнеше бақылау мен қадағалау субъектісіне профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді бір мезгілде жүргізуі қажет болған кезде, осы орган әрбір бақылау мен қадағалау субъектісі үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті, бұған мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-касса машиналарының немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйенің болуы;
3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалығы;
4) мынадай:
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тауарларды алып өту, өткізу және (немесе) тиеп-жөнелту кезінде;
тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде;
тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкету кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және тауарлардың атауының, санының (көлемінің) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;
7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдары бекеттерінде автомобиль көлігі құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлардың атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;
8) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргізілетін салықтық тексеру кірмейді.
Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер
енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
148-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол:
1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспауға және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс;
2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау мен қадағалау субъектілері үшін:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспауға және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуға тиіс;
жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспауға және он жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдерін бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндетін атқарушы адам):
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау;
3) зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана, осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге тек бір рет ұзартуы мүмкін.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркей отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда, бақылау және қадағалау органы, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бұл туралы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны бақылау және қадағалау органы ол ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер осы субъект бұрын электрондық поштасының мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау мен қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тәсілмен жіберіледі.
Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
149-бап. Өнім үлгілерін іріктеу тәртібі
1. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру кезінде өнім үлгілерін іріктеу жүргізіледі.
Іріктеп алынатын өнім үлгілерінің саны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің және нормативтік құжаттарының өнімге және өнімді сынау әдістеріне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Өнім үлгілерін іріктеуді бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының қатысуымен бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы жүргізеді және ол өнім үлгілерін іріктеу актісімен куәландырылады.
Іріктеп алынған өнім үлгілері жинақталған, қапталған және пломбаланған (мөрленген) болуға тиіс.
3. Өнім үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық данасына өнім үлгілерін іріктеп алған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және бақылау мен қадағалау субъектісінің басшысы не өкілі және бақылау мен қадағалау субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнім үлгілерімен бірге сараптама (талдау, сынақ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісінде қалады.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
Өнім үлгілерін іріктеу актісінде:
1) жасалған орны мен күні;
2) бақылау және қадағалау органы басшысының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыруға негіз болған шешімінің күні мен нөмірі;
3) бақылау және қадағалау органының өнім үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе);
4) өнім үлгілерін іріктеу жүргізілетін бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы және тұрған жері;
5) бақылау мен қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің және бақылау мен қадағалау субъектісі уәкілетті адамының лауазымы мен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндіруші, өндірілу күні, партия сериясы (нөмірі), үлгілердің жалпы құны көрсетілген іріктеп алынған өнім үлгілерінің тізбесі мен саны;
7) қаптаманың түрі және мөр (пломба) нөмірі көрсетіледі.
4. Өнім үлгілерін іріктеуге байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Ескерту. 144-9-бап жаңа редакцияда
– ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
150-бап. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Ескерту. 150-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
151-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезіндегі шектеулер
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар өзінің атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің объектілері болып табылмаса немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнім үлгілерін, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларын зерттеуді, сынауды, өлшеуді жүргізу үшін белгіленген нысан бойынша және (немесе) көрсетілген үлгілерді, сынамаларды ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енген күнге дейін қолданылатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидалары мен әдістерінде белгіленген нормалардан асатын көлемде іріктеу туралы актіні ресімдеместен, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыруға;
6) осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган оған қатысты бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізуге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізу мақсатында бақылау мен қадағалау субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес.
Ескерту. 151-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
152-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізуге негіз болған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
9) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілдерінің, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
3. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге:
1) бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
2) өнім үлгілерін іріктеу, қоршаған орта объектілері мен өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және бар болса, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
4. Жүргізілуі барысында тексеру парақтары талаптарының тармақтарын бұзушылықтар анықталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.
5. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітеді.
6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) бақылау мен қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес бұзушылықтың ауырлық дәрежесін міндетті түрде көрсете отырып, тексеру парағы талаптарының тармақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;
8) бақылау мен қадағалау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетіледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы мерзімдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.
Қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі өзіне бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған дәйектерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.
Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы бақылау мен қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшіншісі бақылау және қадағалау органында қалады.
Бақылау мен қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.
Электрондық нысанда қалыптастырылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
10. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, бухгалтерлік және өзге де құжаттардың төлнұсқасын алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда жүргізіледі.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
12. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс еткен күн бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау мен қадағалау субъектісі осы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
14. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісі белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау мен қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы жөніндегі ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылауды қоспағанда, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
Бұл жағдайда осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.
Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
152-1-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару
арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау
нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Ескерту. 152-1-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының
бақылауды жүзеге асыру
кезiнде анықталған бұзушылық фактiлерi бойынша қолданатын шаралары
Ескерту. 153-бапқа өзгеріс
енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Егер
бақылауды және қадағалауды
жүргізу нәтижесінде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)
осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына
және 143-бабының 3-тармағына
сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу фактiсi анықталған болса, бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы (адамдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкiлеттiктер шегiнде анықталған бұзушылықтарды жою, олардың алдын алу, адамдардың өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне ықтимал зиян келтiрудi болғызбау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа тарту жөнiнде шараларды қолдануға мiндеттi.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне
(объектісіне)
қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралар қолданылған кезде бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда және тәртiппен прокурорды хабардар етедi.
Ескерту. 153-бапқа өзгерістер
енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау жүргізу кезінде:
1) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау мен қадағалау объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге немесе бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін алуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- және бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;
5) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нысанасына жатпайтын талаптарды қоюына және өтінумен жүгінуіне тыйым салынады.
3. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
4) осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты бақылау мен қадағалау субъектісіне беруге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні, бұзушылықтар анықталған жағдайда – бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы олар аяқталған күні не «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 154-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
155-бап. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезіндегі бақылау мен қадағалау субъектісінің не оның уәкілетті өкілінің құқықтары мен міндеттері
1. Бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын мынадай:
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу жиілігі сақталмаған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген, осы Кодексте белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша өзіне бұрын бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындаған;
егер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы алдыңғы профилактикалық бақылауда өрескел бұзушылықтар анықталмаған болса, осы Кодекстің 144-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындалған;
осы Кодекстің 141, 143-баптарында және 146-бабының 1-тармағында көзделген ақпарат пен құжаттар болмаған;
жасалған не дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жүгінімдерде көрсетілген уақыт аралығы шеңберінен шығатын кезең үшін бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексерулер тағайындалған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы бір актіде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілетін бірнеше бақылау мен қадағалау субъектісі көрсетілген;
бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін осы Кодексте белгіленген мерзімнен асыра ұзартқан;
осы Кодекстің 156-бабының 2-тармағына сәйкес осы Кодекстің талаптары өрескел бұзылған жағдайларда бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мәліметтер бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нәтижелері туралы актіге, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
4) бақылау және қадағалау органдарының немесе лауазымды адамдардың бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңда негізделмеген тыйым салуларын орындамауға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге;
6) өзінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға және (немесе) тексеруге қатысу үшін тартуға құқылы.
2. Бақылау және қадағалау органдары бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізген кезде, бақылау мен қадағалау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері:
1) осы Кодекстің 146-бабы 1-тармағының талаптары сақталған кезде бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіге және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру аяқталған күні бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
6) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
7) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу үшін объектіге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің белгіленген мерзімдерінде бақылау және қадағалау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.
Ескерту. 155-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
156-бап. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұза отырып жүргізілген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығы
1. Егер бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын, осы Кодексте белгіленген талаптарды өрескел бұза отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
Жарамсыз деп танылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісі және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау мен қадағалау субъектілерінің осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына және 143-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген талаптарды бұзуының дәлелдемесі бола алмайды.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік, оның ішінде алқалы органның, органның немесе соттың бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы осы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру актісінің, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты актінің күшін жою, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің жарамсыздығына байланысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау мен қадағалау субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы бақылау мен қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.
2. Осы Кодекстің талаптарын өрескел бұзуға:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;
2) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерін сақтамау;
4) осы Кодекстің 151-бабының талаптарын бұзу;
5) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) осы Кодекстің 141-бабына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің кезеңділігін бұзу;
6) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні бақылау мен қадағалау субъектісіне ұсынбау;
7) бақылау және қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындауы;
8) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру туралы актіні құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеу міндетті болғанда, оны тіркемей бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу;
9) осы Кодекстің 148-бабында көзделген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдерін бұзу;
10) осы Кодекстің 131-бабының 5-тармағына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай алдын ала профилактикалық бақылау жүргізусіз бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жатады.
Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
157-бап. Бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
1. Бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау мен қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодекстің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
2. Бақылау мен қадағалау субъектісі бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының қылмыстық істі тергеп-тексеруге байланысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі);
жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021
№ 95-VII (01.01.2023
бастап қолданысқа енгізіледі)
заңдарымен.
3-параграф. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылау
Ескерту. 3-параграф алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.