Әкімдіктің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8847 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі
В. Радченко