Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Е.
Жаутикбаев
Жаутикбаев
Павлодар ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 257/7 қаулысына
қосымша
Павлодар ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындары
орналастыру орындары
Р/с № | Нақты орналасу орны | Алатын алаңы, шаршы метр | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл | Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілері) | Қызмет саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Заря ауылдық округі, Заря ауылы, Мәметова көшесі, 1 В | 144 | 5 | «Заря» дүкені | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
2 | Ефремовка ауылдық округі, Ефремовка ауылы, Абай көшесі, 24 | 100 | 5 | «Родник» дүкені | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
3 | Кемеңгер ауылдық округі, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 30 | 120 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
4 | Кеңес ауылдық округі, Новоямышев ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4 | 120 | 5 | «Елназар» кафесі | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
5 | Ольгинка ауылы, Абай көшесі, 15 | 150 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
6 | Шақат ауылдық округі, Шақат ауылы, Әуезов көшесі, 38 | 100 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
7 | Чернорецк ауылдық округі, Чернорецк ауылы, Трунов көшесі, 3-құрылыс | 200 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
8 | Черноярка ауылдық округі, Новочерноярка ауылы, Павлодар - Омбы - Майқапшағай тас жолының бойында, Павлодар қаласынан 25 шақырым, сол жақта | 100 | 5 | «Нариман» кафесі | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
9 | Рождественка ауылдық округі, Розовка ауылы, Абай көшесі, 38 А | 100 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
10 | Григорьевка ауылдық округі, Жаңа қала ауылы, Павлодар - Омбы - Майқапшағай тас жолының бойында, Павлодар қаласынан 40 шақырым, оң жақта | 100 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
11 | Луганск ауылдық округі, Луганск ауылы, Ленин көшесі, 49 | 100 | 5 | «Фортуна» дүкені | ауыл шаруашылық, азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерін іске асыру |
12 | Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 15 | 30 | 5 | «Глебушка» дүкені | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |
13 | Заңғар ауылдық округі, Заңғар ауылы, 1 Май көшесі, 17 | 90 | 5 | жоқ | ауыл шаруашылық өнімдерін іске асыру |