Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын
бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары
құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары
құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
Ескерту. 01.11.2021 бастап
қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 2-тармағымен.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бір бірлік үшін 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А. Мамин