1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары
1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
2.
Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн,
су қорын, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.

3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.