Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мүлік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар және басқа да мүлік ұғымы пайдаланылады.
2-тарау. Мүлікті беру тәртібі
3. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде негіз болған жағдайды жою жөніндегі мәселелерді жедел шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезеңде жүзеге асырылады.
4. Құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында төтенше жағдайды оқшаулау және жою кезінде мүлікті беру Мемлекеттік комиссияның немесе төтенше жағдай енгізілген жергілікті жер комендантының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
5. Төтенше жағдай кезінде мүлікті беру үшін:
1) Мемлекеттік комиссия төрағасының немесе жергілікті жер комендантының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);
2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының шешімі негіз болып табылады.
6. Соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті беру үшін:
1) Қорғаныс кеңесі төрағасының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);
2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Қорғаныс кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі және Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының, Қорғаныс кеңесінің шешімі негізінде мүлікті беру кіріс-шығыс құжаттарын (хабарлама, растау, жүкқұжат) қоса беріп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісімен (бұдан әрі – қабылдау-беру актісі) ресімделеді.
8. Қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, оған беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары (өкілдері) мен материалдық жауапты тұлғалары қол қояды.
9. Қабылдау-беру актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес кейіннен ресімдеу үшін мемлекеттік органның (мекеменің, ұйымның) бухгалтериясына беріледі.
_____________________________
Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында және оның жекелеген
жергілікті жерлерінде төтенше
жағдай немесе соғыс жағдайы
енгізілген кезде құқық қорғау
органдары және арнаулы
мемлекеттік органдар,
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдар
арасында мүлікті беру
қағидаларына қосымша
Нысан
____________________________________________
Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Бекітемін: Беруші тараптың мемлекеттік органының (мекемесінің) басшысы ____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылғы «____» _______ Мөр орны | Бекітемін: Қабылдаушы тараптың мемлекеттік органының (мекемесінің) басшысы ____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________ жылғы «____» _________ Мөр орны |
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісі
Р/с № | Мүлік атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Зауыттық нөмірі | Санаты | Баланстық құны | Техникалық жай-күйі жарамды/ақаулы | Шығарылған жылы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Беруші тараптың өкілі: ___________________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________________
Қабылдаушы тараптың өкілі: ______________________________________________

____________________________________________________________________________
Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының,
Қорғаныс кеңесінің ________ жылғы «____» ________ № ______ шешімі негізінде
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
қабылданатын (берілетін) мүлік атауы
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_______________________________________________________қарап-тексеру жүргізілді.

Мүлікті берген: __________________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ жылғы «____» ______________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ жылғы «____» ______________________________________________________
Мүлікті қабылдаған: _____________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ жылғы «____» ______________________________________________________
Беруші тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ______________________________
Беруші тараптың бас бухгалтері ____________________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдаушы тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдаушы тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ________________________
Қабылдаушы тараптың бас бухгалтері ______________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________