2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
К. Аксакалов
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қостанай
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 44
қаулысына
қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | ірі қара малдың тауарлық аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 70 000 | 700 000,0 |
1.2 | ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 15 000 | 225 000,0 | |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 1 450 | 145 000,0 |
3. | Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу | сатып алынған бас | 1 300 | 195 000,0 |
4. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
4.1 | отандық | сатып алынған бас | 850 | 127 500,0 |
4.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 50 | 11 250,0 | |
4.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 100 | 30 000,0 | |
5. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату | тiрiдей салмағы, килограмм | 6 910 450 | 1 382 090,0 |
6. | Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату | Өндірілген сиыр етінің килограмы | 3 000 000 | 525 000,0 |
Жиыны | 3 340 840,0 | |||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | ||||
1. | Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу: | |||
1.1 | бір жынысты | сатып алынған доза | 6 100 | 61 000,0 |
1.2 | қос жынысты | 5 000 | 25 000,0 | |
2. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу: | |||
2.1 | отандық | сатып алынған бас | 200 | 40 000,0 |
2.2 | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған | 200 | 45 000,0 | |
2.3 | Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған | 300 | 120 000,0 | |
3. | Сүт өндіру құнын арзандату: | |||
3.1 | бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | өткізілген немесе өңделген килограмм | 25 201 130 | 1 134 050,9 |
3.2 | бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық | 33 000 000 | 990 000,0 | |
3.3 | бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 10 000 000 | 200 000,0 | |
3.4 | ауыл шаруашылығы кооперативі | 34 000 000 | 680 000,0 | |
4. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау | ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас | 1 800 | 9 000,0 |
Жиыны | 3 304 050,9 | |||
Етті құс шаруашылығы | ||||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | |||
1.1 | 500 тоннадан басталатын нақты өндіріс | өткізілген килограмм | 8 000 000 | 400 000,0 |
Жиыны | 400 000,0 | |||
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | сатып алынған бас | 1 250 000 | 75 000,0 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2022 жылы резервке (күтү парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша) | өткізілген дана | 9 281 373 | 27 844,1 |
Жиыны | 102 844,1 | |||
Қой шаруашылығы | ||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу: | |||
1.1 | қойлардың асыл тұқымды аналық басы | бас/шағылыстыру маусымы | 4 000 | 16 000,0 |
1.2 | қойлардың тауарлық аналық басы | 24 000 | 60 000,0 | |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | сатып алынған бас | 2 300 | 34 500,0 |
3. | Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу | 10 | 300,0 | |
4. | Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу | 10 | 1 500,0 | |
5. | Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу | бас/шағылыстыру маусымы | 10 | 100,0 |
6. | Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату | өткізілген бас | 2 000 | 6 000,0 |
7. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау | ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы | 10 | 15,0 |
Жиыны | 118 415,0 | |||
Жылқы шаруашылығы | ||||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | сатып алынған бас | 50 | 5 000,0 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | килограмм | 10 000 | 600,0 |
Жиыны | 5 600,0 | |||
Шошқа шаруашылығы | ||||
1. | Асыл тұқымды шошқалар сатып алу | сатып алынған бас | 200 | 28 000,0 |
2. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | бас/шағылыстыру маусымы | 5 000 | 200 000,0 |
Жиыны | 228 000,0 | |||
Балара шаруашылығы | ||||
1. | Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы/маусым | 50 | 250,0 |
Жиыны | 250,0 | |||
Барлығы | 7 500 000,0 |