1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.