Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 12402 болып тіркелді

Актуально на 29.12.2015

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы «___» _______ Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялану үшін жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Министр
Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 640 бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды және баждардың төмендетілген ставкілері, сондай-ақ осындай ставкілердің мөлшері қолданылатын, атауы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алу жүйесін жүзеге асыруды нақтылайды:
Есепке алу Тізбеге енгізілген мына тауарлар бойынша жүзеге асырылады:
үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
ЕАЭО мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген;
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) баждардың төмендетілген ставкасы – Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерімен көзделген ставканың ең жоғары деңгейінде белгіленетін кедендік әкелу баж ставкасы;
2) КААЖ – кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
3) СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификат – 2000 жылғы 30 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкімет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген, тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нысаны;
4) тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш (328.00-нысан) – салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін, тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш нысаны;
5) Тізбе – оларға қатысты Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж ставкасымен салыстыру бойынша неғұрлым төмен, кедендік әкелу баж ставкасы қолданылатын Тауарлар тізбесі»;
6) ЭШФ АЖ – электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Нұсқаулықта есепке алу жүйесін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – ЕАЭО мүше мемлекеттер) өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде, Тізбеге енгізілген тауарлардың өткізілуін есепке алуды:
ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарлар бойынша КААЖ-да тіркеуге жататын тауарға арналған декларацияларды есепке алу;
ЭШФ АЖ жазып беруге және тіркеуге жататын электронды шот-фактураларды тауарға ілеспе құжат ретінде есепке алу;
нақты уақыт режимінде электронды нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін, тауарға ілеспе құжат ретінде тиісті құжаттарды куәландыру үшін ұсынылған өтініштерді есепке алу;
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, аумақтық мемлекеттік кірістер органы нақты уақыт режимінде электронды нысанда ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында алмасу жүйесін енгізгенге дейін – осы Нұсқаулықтың 8, 9, 10, 10-1 және 10-2-тармақтарымен айқындалған тәртіпте тауарға ілеспе құжаттарды куәландыруы;
ЕАЭО мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін, есепке алу жүйесінде қамтылған ақпараттарды өңдеу түріндегі жиынтығы деп түсіну керек.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Тізбеге енгізілген тауарларды үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде, олар бойынша баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын, Тізбеге енгізілген тауарлар бойынша тауарға арналған декларация жеке (тауарлардың жеке декларациясы) ресімделеді.
Декларант Тізбеге енгізілген, олар бойынша ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларды және Тізбеге енгізілмеген тауарларды әкелген кезде бір тауарға арналған декларацияда декларациялауды жүргізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған, Тізбеге енгізілген тауарларды орналастырған кезде тауарлардың декларациясының тіркеу нөмірінің 3 элементінің бірінші саны мынадай тәртіпте толтырылу тиіс:
0 – ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты;
1 – олар бойыншабаждың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты.
6. ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетілетін, Тізбеге енгізілген тауарлар туралы мәліметтерді тауарлар туралы ақпаратпен салыстыру, көрсетілген тауарларды өткізу кезінде электрондық шот-фактурада:
үшінші елден әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда - баждың төмендетілген мөлшерлемесі немесе ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша кедендік әкелу бажын төлегенін айқындайтын (осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес баждардың мөлшерлемелерін қолдану) белгісін;
шығарылған елі Қазақстан Республикасы болып табылатын, Тізбеге енгізілген тауарды өткізген жағдайда - Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауардың өндірісін айқындайтын тауар белгісін;
Тізбеге енгізілген тауарды, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда – Тізбеге енгізілген тауар, оның аумағына әкетілетін ЕАЭО мүше мемлекеттің әріптік кодын;
Тізбеге енгізілген тауарды, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда – межелі пунктті;
Тізбеге енгізілген тауардың атауын;
бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда - Тізбеге енгізілген тауарлардың, ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
мөлшерінің (көлемінің) өлшем бірілігін көрсетіп, Тізбеге енгізілген тауарлардың мөлшерін (көлемін);
бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда – тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу немесе тауарларды өткізу туралы өтініштің нөмірін;
Қазақстан Республикасында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда – СТ-1 нысандағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірін;
үшінші елден әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның 32-жолында көрсетілген тауардың реттік нөмірін;
бұрын үшінші елден немесе ЕАЭО мүше мемлекеттен әкелінген тауарларды өткізген жағдайда – тауарға арналған декларацияның тіркеу нөмірін және декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
жеткізушіден алынған, Тізбеге енгізілген тауарларды, оларды сатып алу кезінде электронды шот-фактураның нөмірін көрсеті арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10423 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 наурызда жарияланған), Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:
бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Репсубликасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
мыналарды:
бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Репсубликасының аумағына әкелінген тауарларды;
бір заңды тұлғаның шегiнде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Репсубликасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді.
Бұл ретте бұл әкетілім Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде МКО мөрімен куәландырылған тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың қағаз көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші МКО-ға тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растау туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, табыс етіледі.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде камеральдық бақылауды жүзеге асырады;
үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растау;
тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішті растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігі.
МКО өтінішті табыс еткен күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей табыс етілген құжаттардың көшірмелерін куәландырады не осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны куәландырудан бас тартады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Қазақстан Республикасының аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен және Хаттама күшіне енгенге дейін әкелген кезде, МКО мөрімен куәландырылған электрондық шот-фактуралардың және тауарға арналған декларациялардың қағаз көшірмелері тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші МКО:
тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растау туралы өтінішті. Өтініш осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, олардың көшірмелерін қоса бере отырып табыс етіледі;
Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығының барын және осы Хаттама күшіне енгенге дейін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды әкелуін растау мақсатында салық тексеруін жүргізуге өтінішті. Өтініш Нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша табыс етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. МКО табыс еткен өтініштердің негізінде салық тексеруін жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды:
1) Хаттама күшіне енгенге дейін бұрын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге әкетуге арналған Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
2) кедендік декларациялау Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісіне;
3) тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы растауға арналған өтініште көрсетілген мәліметтердің тауарлардың қалдығы бойынша мәліметтермен сәйкестігіне шаралар қабылдайды.
Тауарға ілеспе құжат ретінде тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот-фактуралардың көшірмелері салықтық тексеру аяқталғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей куәландырылады.
Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер расталмаған жағдайда, МКО тауарға арналған декларацияның және электронды шот-фактураның көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-1. Тізбеге енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды әкеткен кезде СТ-1 нысанындағы тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттың түпнұсқасы және МКО мөрімен куәландырылған электронды шот-фактураның қағаз көшірмесі тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың қосымшасымен электронды шот-фактураның көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде бар, электронды шот-фактураның табыс етілген электронды шот-фактураның көшірмесімен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады;
СТ-1 нысанында тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруді жүзеге асырған органға көрсетілген сертификаттың ұсынылған түпнұсқасының заңдастырылғандығын растауға сұрау салуды жолдайды.
СТ-1 нысанында тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруді жүзеге асырған органнан ұсынылған сертификаттың заңдастырылғандығын растауды алған күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей ұсынылған электронды шот-фактуралардың көшірмелерін куәландырады не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-2. Тізбеге енгізілген және бұрын ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды әкеткен кезде, МКО мөрімен куәландырылған, электронды шот-фактуралардың қағаз көшірмелері және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініш (328.00-нысан) тауарға ілеспе құжат болып табылады.
Салық төлеуші аумақтық МКО электронды шот-фактураның көшірмелерін және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті (328.00-нысан) тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті табыс етеді. Өтініш осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген құжаттардың қосымшасымен ұсынылады.
МКО табыс етілген өтініштің негізінде:
электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде бар, электронды шот-фактураның табыс етілген электронды шот-фактураның көшірмесімен сәйкестігіне;
МКО ақпараттық жүйесіндегі тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) табыс етілген тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмесімен сәйкестігіне камералдық бақылауды жүзеге асырады.
МКО өтініш табыс етілген күннен кейінгі күнтізбелік бір күннен кешіктірмей, табыс етілген электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмелерін куәландыру не оларды куәландырудан бас тартады. Бас тарту осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Осы Нұсқаулықты бұзғаны үшін салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.
12. МКО іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жоғары тұрған МКО не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануы мүмкін.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде
есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
______________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________________
(салық төлеушінің АЖТ/атауы)
______________________________
ЖСН/БСН ________________
«___»_______20____________
Тауарға арналғандекларациялар мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтініш
№____
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды
әкетуге байланысты - _______________________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
тауарлардың декларациялары (ТД) мен электрондық шот–фактуралардың (ЭШТ) мынадай көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде растауыңызды өтінем:
Құ­жат кө­шір­месінің түрі
(ТД неме­се ЭШТ)
ТД неме­се ЭШТ­тір­кеу нө­мірі
(тиісін­ше)
1
2
Осы орайда тауарлардың декларацияларын түзетуге берген жағдайда алған тауарлардың декларацияларының, электрондық шот–фактуралардың куәландырған көшірмелерін, түзетілген көшірмені, куәландырылған шот-фактураға қосымша шот-фактураны, сондай-ақ керiқайтарылғаншот-фактураныпайдаланбауға міндеттенем.
Ескерту:
*Ксете куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiңәрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
Қолы және мөр (болған кезде)
____________________________
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде
есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________
(салық төлеушінің АЖТ/атауы)
_________________________________
ЖСН/БСН __________________
«___»__________________20___
Тауарға арналғандекларациялар мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауарғаілеспе құжат ретінде куәландырудан бас тарту
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының
кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы4-тармағына сәйкес
_______________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Сізді ____________________________________________________салық төлеушінің АЖТ/атауы
ЖСН (БСН)______________________________________________________
көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде куәландырудан бас тарту туралы хабарлайды:
Құ­жат кө­шір­месінің түрі
(ТД неме­се ЭШТ)
ТД неме­се ЭШТ­тір­кеу нө­мірі
(тиісін­ше)
1
2
Тауарлардың декларациялары мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауарлардың ілеспе
құжаты ретінде куәландыру туралы өтінішке қоса берілген ____________________________________
Өтініштерді тіркеу журналындағы кіріс нөмірі
Мынандай себептерден:____________________________________________
_________________________________________________________________________
мемлекеттік орган басшысының немесе басшы орынбасарының А.Ж.Т. және қолы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде
есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________________
(салық төлеушінің АЖТ/атауы)
________________________________
ЖСН/БСН __________________
«___»__________________20___
Салық тексеруін жүргізуге өтініш
I-бөлім. Салық тексеруін жүргізу туралы ақпарат
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы» Хаттаманың 10-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Хаттама), Хаттама күшіне енгенге дейін әкелінген, ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілінетінТізбеге енгізілген тауарларды әкетуге байланысты салық тексеруін жүргізуді сұраймын–
___________________________________________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
II-бөлім. Салық төлеушінің келісімі
Біз (Мен) осы өтініштің шеңберiнде мемлекеттiк қызметтi алуға қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келiсiмдi беремi(н)з.
III-бөлім. Салық төлеушінің жапапкершілігі
Біз (Мен) осы өтініште келтірілген мәліметтердің растығы мен толықтығына жауапкершілікте боламы(н)з.
______________________________________________________________________________________
Салық төлеушінің басшысының (уәкілетті өкілінің) А.Ж.Т. , қолы және мөрі (болған кезде)
_______________________________________________________________________________________
Өтінішті табыс еткен күні
IV-бөлім. Мемлекеттік органның белгісі
________________________________________________________________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның А.Ж.Т. және қолы
Өтініштің кіріс нөміріжәне қабылдау күні
Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің өзара
трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________________
(салық төлеушінің А.Т.Ә. (бар болса)/атауы)
________________________________
ЖСН/БСН _______________________
20___ «___» __________
Тауарға арналған декларациялар мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтініш
№____
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, Тізбеге енгізілген тауарларды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты - ___________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
олар бойынша СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаты бар электрондық шот-фактуралардың (ЭШТ) мынадай көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде растауыңызды өтінем:
Құ­жат кө­шір­месінің түрі
(ЭШТ) жә­не СТ-1 ны­са­нын­дағы та­у­ар­дың шы­ға­ры­лған жері ту­ра­лы сер­ти­фи­кат
ЭШТ тір­кеу нө­мірі жә­не СТ-1 ны­са­нын­дағы та­у­ар­дың шы­ға­ры­лған жері ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­тың нө­мірі
(тиісін­ше)
1
2
Осымен алынған электрондық шот-фактуралардың және СТ-1 нысанындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың куәландырған көшірмелерін, түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактураны жазып берген, сондай-ақ күші жойылған, керi қайтарылған шот-фактураны пайдаланбауға міндеттенем.
Ескертпе:
*Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiң әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады
____________________________
Қолы және мөрі (бар болса)
Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің өзара
трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде оларды есепке алуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.12.2015 № 718 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
_________________________________
(салық төлеушінің А.Т.Ә. (бар болса)/атауы)
_________________________________
ЖСН/БСН ________________________
20___ «___» __________
Электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштердің (328.00-нысан) көшірмелерін тауарға
ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы
өтініш № ______
ЕАЭО мүше мемлекеттен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ЕАЭО СЭҚ ТН коды атауы Тізбеге енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетуге байланысты –
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
(мемлекетті көрсетіңіз)
электронды шот-фактураның және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыруды өтінем (Өтініш)
Құ­жат кө­шір­месінің түрі
(ЭШФ) жә­не Өтініш
ЭШТ тір­кеу нө­мірі жә­не Өтіні­штің нө­мірі
(тиісін­ше)
1
2
Осымен алынған электрондық шот-фактуралардың және тауарларды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтініштің (328.00-нысан) көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтініштің куәландырған көшірмелерін, түзетілген шот-фактураға қосымша шот-фактураны жазып берген, сондай-ақ күші жойылған, керi қайтарылған шот-фактураны пайдаланбауға міндеттенем.
Ескертпе:
*Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiң әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады
____________________________
Қолы және мөрі (бар болса)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 12402 болып тіркелді

Актуально на 29.12.2015