13.12.2016

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификатын қолданудың артықшылықтары

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауда қамтамасыз ету шараларының бірі - кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификаты болып табылады.

Бұл шара шетелдік тауарларды қазақстандық өткізу пункттері арқылы ҚР аумағына әкелгенде кең қолданылады және белгілі бір артықшылықтарға ие. Шетел тауарларының жоспарланған жеткізілімінде алушы немесе оның өкілі, өтініш негізінде, алдын-ала кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді жүзеге асырғаннан соң кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сертификатын алуға құқығы бар. Ең тең тараған төлену әдісі «сақтандыру шартын» қолдану болып табылады. Қамтамасыз ету сертификаты транзит кезінде жүкті кету кеден органынан келу кеден органына дейін тасымалдауға құқық береді.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кету органына да , келу органына да беріледі.

ДГД по Актюбинской области

Возврат к списку