Науырзым ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 446 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 қарашада № 9-16-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 18 қарашада № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);
2) «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 қантардағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 7 ақпандағы № 9-16-133 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 ақпанда № 5 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған);
3) «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 24 қазандағы № 3854 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада № 5 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т. Даиров