Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 бекітілген қаулысымен нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихат шешімдерінің күші
жойылды ден танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс сессияның төрағасы
Т.Жауғаштин
Аудандық мәслихат хатшысы
К.Базарбаева
Мәслихаттың
2016 жылғы 12 мамырдағы
№ 24 шешіміне қосымша
Күші жойылды деп танылған мәслихат шешімдерінің
Тізбесі
Тізбесі
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4367 тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы «Сарыкөл» газетінде жарияланған);
2. Мәслихаттың 2014 жылғы 30 мамырдағы № 171 «Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 тіркелген, 2014 жылғы 3 шілдеде «Сарыкөл» газетінде жарияланған);
3. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 215 «Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5260 тipкелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Сарыкөл» газетінде жарияланған).