Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы
20 желтоқсандағы «1995 жылы
туылған азаматтарды әскерге
шақыру учаскелерінде тіркеуге
алуды ұйымдастыру және қамтамасыз
ету туралы» № 5 шешімінің күшін
жою туралы
20 желтоқсандағы «1995 жылы
туылған азаматтарды әскерге
шақыру учаскелерінде тіркеуге
алуды ұйымдастыру және қамтамасыз
ету туралы» № 5 шешімінің күшін
жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы «1995 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 09 қаңтарда № 2-4-144 болып тіркелген, «Ақсу өңірі» газетінде 2012 жылы 28 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сабырбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Ә. Далбағаев