Дериваттар тізбесін бекіту туралы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған дериваттар тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1597 қаулысымен
бекітілген
Дериваттар тізбесі*
Р/с № | Жануарлардан алынған дериваттар атауы | |
1 | Галантереялық бұйымдар | |
2 | Май | |
3 | Уылдырық | |
4 | Тері | |
5 | Қан | |
6 | Медициналық препараттар | |
7 | Аю еті | |
8 | Балықтардың жыныстық бездері (гонадалары) | |
9 | Кәдесый бұйымдары | |
10 | Тұлып | |
11 | Зергерлік бұйымдар | |
12 | Жұмыртқа | |
13 | Су омыртқасыздарының жұмыртқалары |
*Ескертпе: Дериваттар тізбесі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның талаптарын орындау үшін әзірленген.