Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі
«Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
«Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Качир ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушының 2013 жылғы 23 шілдедегі № 1-13/503 ұсынымхаты негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Ветеринарлық-санитарлық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылы аумағында ауылшаруашылық жануарлардың құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралары тоқталсын.
2. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі «Байқоныс ауылдық округінің Қызылтаң ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 6 мамырда № 3532 болып тіркелген, 2013 жылы 9 мамырда «Тереңкөл тынысы», «Заря» № 19 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Байқоныс ауылдық округі әкімінің м.а.
Қ. Махадилова