Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 755 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 265-құжат).
2. «Қазақстандық бітімгершілік батальоны» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 маусымдағы № 889 қаулысы.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жоғары әскери-теңіз училищесі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 шілдедегі № 922 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 26, 318-құжат).
4. «Құрлық әскерлері әскери институтының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы№ 659 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 193-құжат).
5. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 134-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік білім беру мекемелерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 1080 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 42, 447-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1153 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 552-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 1189 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 565-құжат).
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1069 қаулысы.
10. «Жергілікті әскери басқару органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 қбпү қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 806 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 37, 402-құжат).
12. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 100-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери (жол) бөлімдері мен мекемелерін техникалық құралдармен, машиналармен, қондырғылармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 217 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын метрологиялық техникамен, қосалқы мүлікпен және жабдықпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1069 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 387-құжат).
15. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1029 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 926-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аудандық пайдалану бөлімдерін техникамен және техникалық құралдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1666 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 219 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 20, 146-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 436-құжат).