Тасқопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 «Тасқопа селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес Тасқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Тасқопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 10 «Тасқопа селолық округінің құрамды бөліктерін атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-156 тіркелген, 2012 жылғы 17 ақпандағы аудандық «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілісін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері «ауылдық» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Тасқопа ауылдық округінің әкімі
М. Қожақова