Лисаков қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Лисаков қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
VIII сессияның төрағасы
А. Калинин
Қалалық мәслихат хатшысы
Г. Жарылқасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Лисаков қаласы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдықшаруашылық,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі»
мемлекеттікмекемесінің басшысы
_______________________ Р. Шукенов
2017 жылғы «03» тамыз
Мәслихаттың
2017 жылғы 3 тамыздағы
№ 132 шешіміне
қосымша
Лисаков қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормалары
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,57 |
2. | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,40 |
3. | Жатақханалар, интернаттар, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,21 |
4. | Қонақүйлер | 1 орын | 1,40 |
5. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,33 |
6. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,35 |
7. | Емханалар | 1 адам | 0,13 |
8. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,80 |
9. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,09 |
10. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 қондырмалы орын | 0,76 |
11. | Кинотеатрлар, концерт залдары | 1 қондырмалы орын | 0,04 |
12. | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
13. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
14. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,01 |
15. | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,62 |
16. | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,45 |
17. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
18. | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
19. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,08 |
20. | Автотұрақтар, автожанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,08 |
21. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,06 |
22. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,18 |
23. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,27 |
24. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
25. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
26. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
27. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,04 |