Балық кәсіпшілігіне құқық беру, 2002 жылы Қапшағай су қоймасынан
табиғат пайдаланушылар арасында балық аулау учаскелері мен лимитін бөлу туралы
табиғат пайдаланушылар арасында балық аулау учаскелері мен лимитін бөлу туралы
Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.01.2004 № 1-14 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсіріп-өндіру және пайдалану туралы» Заңының 14,16 баптары , негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 3-ақпандағы «2002 жылы балық шаруашылығы айдындарынан теңіз аңдарын (тюлень) ұстау және балық аулау лимиттерін бекіту туралы» № 158 Қаулысына сәйкес және 2002 жылғы 12 наурыздағы «Балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту және балық аулау лимиттерін (квота) бөлу мәселелері жөніндегі» тендерлік комиссияның мәжіліс хаттамасы негізінде Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ кабылдады:
1. Балық аулау лимитін белгілеу арқылы қосымшаға сәйкес балық өндіруші ұйымдарға Қапшағай су қоймасынан учаскелер бекітілсін және балық аулау кәсіпшілігіне құқық берілсін.
2. Мелиоративтік, ғылыми-зерттеу және спорттық-әуесқой балық аулау мақсатында Іле өзенінің жоғарғы сағаларынан және Қапшағай су қоймасы бойынша 150 тонна көлемінде балық аулау лимиті белгіленсін.
3. Алматы облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасы (Ж.Н. Дүйсенбеков):
- балық аулау учаскелерінің шекараларын көрсету арқылы және көсіпшілік учаскесінің төлқұжатын ресімдей отырып, табиғат пайдаланушылармен шартқа отырсын;
- төлемдердің түсуіне, табиғат пайдаланушыларға бөлінген лимиттің игерілуіне, бекітілген суаттарда (учаскелерде) санитарлық тазалықтың сақталуына және бригадасы (звеносы) журналының жүргізіліуіне бақылауды қамтамасыз етсін.
-балық аулаушы ұйымдар шарттың міндеттемелері орындамаған, табиғат пайдаланушы балық аулауға белгіленген лимиттен асып кеткен, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер төленген мерзімге сәйкес ауламаған және Қазақстан Республикасының т.б. заңдарын бұрмалаған жағдайларда балық аулауды тоқтата тұрсын немесе тоқтатсын, шартты бұзып, рұқсат беру құжатын алып алсын;
-«табиғатпайдаланушы» өзіне балық аулауға белгілұнген лимитті игермеген, жарты жылдың қортындысы бойынша жылдық лимиттің жартысын да игере алмаған жағдайда оны белгіленген тәртіппен қайта бөлсін;
- белгіленген балық аулау лимиті толық игерілмеген жағдайда және бюджетті толықтыру мақсатында табиғат пайдаланушыларға өтініш жасаған лимитіне толық төлем жасау шартымен берген тапсырысына сәйкес Іле өзенінің жоғарғы ағысынан мемлекеттік шекараға 120
км жерге дейінгі учаскелерде балық кәсіпшілігін жүргізуге рұқсат берсін.
км жерге дейінгі учаскелерде балық кәсіпшілігін жүргізуге рұқсат берсін.
4. Алматы облыстық аумақтық жануарлар және өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасы (Б.Ұлдарбеков):
- жануарлар дүниесін қорғауға мемлекетгік бақылауды жүзеге асырсын
5. Облыстық балық қорларын қорғау инспекциясы (Ж.Тойшыбеков):
- тыйым салынған учаскелерден балықтың аулануына және кәсіпшілік жүргізілетін жерден есепке алынбаған балық өнімін тасуға жол бермесін.
6. Қапшағай қаласының әкімі (С.Зеленский);
-табиғат пайдаланушылардың Қапшағай су қоймасында балық аулаудың белгіленген лимитін игеруіне жәрдем жасасын.
7. Осы шсшіцнің орыңдалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары Ө.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.
Облыс Әкімі
Ш.Құлмаханов
Облыс әкімінің
2002 ж. наурыз 27
№ 3-58 шешіміне қосымша
№ р/с | Табиғат пайдаланушылардың аталуы | Балық кәсіпшілігі учаскелерінің аталуы | Балық аулау лимиті (тонна) |
1 | «Достар-Маркет» ЖШС | 8 н/с-нан 85км. Дейін (оң жақтағы жағалау) | 200 |
2 | «Лори» ЖШС | Шеңгелді суару алқабының 5-ші н/с 7-ші н/с дейін | 100 |
3 | «Нәбира» ЖШС | с Шеңгелді суару алқабының 3-тең 5-ке дейінгі н/с, 85-87 км. Оң жақтағы жағалау | 200 |
4 | «Айдын» ЖШС | Асфапьт жолдан бастап «Утюги» шыңына дейін (сол жақ жағалау), 87-90 км. | 300 |
5 | КазНИИРХ | Қарашеңгельді ГОХ-ң сол жақ қоршауынан Балтабай өзеніне дейін | 40 |
6 | КазПАС | НВХ-ң сол жақтағы каналынан Балтабай өзеніне дейін | 100 |
7 | Қапшағай судан құтқару орталығы | «Металлург» демапыс аймағынан Каскеленка өзенін қоса | 50 |
8 | «Мусин» ЖК | Карашеңгельді ГОХ-ң сол жақ қоршауынан бастап 3 км. жоғары | 30 |
9 | «Шлейник» ЖК | «Мусин» ЖК учаскесіне Шибұқты өзеніне дейін | 50 |
10 | «Елена» ШҚ | Шибұқты өзенінен асфальт жолға дейін | 50 |
11 | «Арна-балық» ЖШС | Қаскелең өзенінен Есік өзеніне дейін | 200 |
12 | «Шляхов» ЖК | Ін/с-нан бастап Ікм. төмен | 20 |
13 | «Табиғат» ЖШС | «Металлург» демалыс аймағынан «Шляхов» ЖК-ң учаскесіне дейін | 20 |
14 | «Достык» ЖШС | Шеңгелді суару апкабының 7-8 н/с | 50 |
15 | «Жетісу» ЖШС | 1 н/с-нан 3 н/с-ка дейін, 90-96 км. | 200 |
16 | «Езубенко» ЖК | Есік өзенінен НВХ-ң сол жақтағы қаналына дейін | 30 |
Жиынтығы: | 1640 |
Алматы облыстық аумақтық орман және биоресурстар басқармасының бастығы
Ж. Дүйсенбеков