1-бап
Келісімнің 2-бабы 3-тармағының а) және b) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"а) Қазақстан Республикасында:
- корпоративтік табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
(бұдан әрі "Қазақстан салықтары" деп аталады).".
b) Беларусь Республикасында:
- табысқа салынатын салық;
- пайдаға салынатын салық;
- жеке тұлғалардың табыс салығы;
- жылжымайтын мүлікке салынатын салық
(бұдан әрі "Беларусь салықтары" деп аталады");