Шығыс Қазақстан облысының
қоршаған ортаға эмиссияға
төлемақы мөлшерлемелері туралы
қоршаған ортаға эмиссияға
төлемақы мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 576-бабының 8-тармағына, 577-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
В. Головатюк
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/220-VІ шешіміне
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға
төлемақы мөлшерлемелері
төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Күкірт тотықтары | 20 | |
2 | Азот тотықтары | 20 | |
3 | Шаң және күл | 10 | |
4 | Қорғасын және оның қосындылары | 3986 | |
5 | Күкіртсутек | 124 | |
6 | Фенолдар | 332 | |
7 | Көмірсутектер | 0,32 | |
8 | Формальдегид | 332 | |
9 | Көміртегітотықтары | 0,32 | |
10 | Метан | 0,02 | |
11 | Күйе | 24 | |
12 | Темір тотықтары | 30 | |
13 | Аммиак | 24 | |
14 | Алты валентті хром | 798 | |
15 | Мыс тотықтары | 598 | |
16 | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме, (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
3. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 1340 |
2. | Мырыш | 2680 |
3. | Мыс | 26804 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | Жалпы темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Рет № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1гигабеккерель (Гбк)үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: | ||
1.2.1. | «қызыл» тізім | 14 | |
1.2.2. | «жақұт» тізім | 8 | |
1.2.3. | «жасыл» тізім | 1 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,9 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1 | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,026 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.3.4. | ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,76 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
5. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.
6. Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері және энергия өндіруші ұйымдары түзетін эмиссия көлемі үшін:
1-тармақта – 0,3;
3-тармақта – 0,43;
4-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 4-тармақтың 1.1-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.
Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер шегінде қоршаған ортаға эмиссия көлемдеріне қолданылады.
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2018 жылғы 12 сәуірдегі
№ 19/220-VІ шешіміне
2 қосымша
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының
күші жойылды деп танылған
шешімдерінің тізбесі
күші жойылды деп танылған
шешімдерінің тізбесі
1. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2524 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 ақпандағы «Дидар», 2010 жылғы 2 ақпандағы «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған).
2. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17/203-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3134 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 7 қаңтарда «Рудный Алтай», 2014 жылғы 10 қаңтарда «Дидар» газеттерінде жарияланған).
3. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы ставкалары туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 27/324-V шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3932 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Рудный Алтай», 2015 жылғы 27 мамырда «Дидар» газеттерінде, 2015 жылғы 01 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы мөлшерлемелері туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/234-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 16/187-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2018 жылғы 8 қаңтарда жарияланған).