1-бап
Келісімнің 2-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Келісім қолданылатын салықтар мыналар болып табылады:
- Қазақстан Республикасында:
(I) корпоративтік табыс салығы;
(II) жеке табыс салығы;
(III) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық
(бұдан әрі "Қазақстан салықтары" ретінде аталатындар);
- Өзбекстан Республикасында:
(I) заңды тұлғалардың пайдасына салынатын салық;
(II) жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
(III) мүлік салығы
(бұдан әрі "Өзбекстан салықтары" ретінде аталатындар).".