Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) әлеуметтiк аударымдар – өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;
3) әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек – есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтiк аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
4) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесi – әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
5) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Заңмен белгіленген тәртіппен әлеуметтiк аударымдарды есептеуді және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтары;
6) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi – қор) – асыраушысынан айырылған жағдайда, отбасы мүшелерiн – асырауындағыларды қоса алғанда, өздеріне әлеуметтiк аударымдар жүргізілген және өздеріне қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргiзетiн заңды тұлға;
7) мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
8) уәкiлеттi орган – қор қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әлеуметтік аударымдарды есептеу тәртiбi»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
3. Қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары жұмыскерлер үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылымы енгізіледі.
Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіпқой медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары, оның ішінде арнаулы салық режимін қолданатындар үшін әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiлерi мыналар болып табылады:
өзі үшін – алатын кірісінің әлеуметтік аударымдарды өз пайдасына есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен артық емес сомасы;
жалдамалы жұмыскерлер үшін – қорға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, еңбекке ақы төлеу ретіндегі кірістер түрінде жұмыскерге төленетін шығыстар.»;
4-тармақ алып тасталсын;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Әлеуметтік аударымдарды аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдері»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Төлеушiлер қорға әлеуметтiк аударымдарды ай сайын мемлекеттік корпорацияның банктік шоты арқылы төлемді жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Банк шотын ашпай банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы ақша аудару жолымен әлеуметтік аударымдарды төлеу «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Төлеушілер құрылымдық бөлiмшелер үшін әлеуметтік аударымдар төлеуді құрылымдық бөлiмшенің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдарды төлеудің ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.»;
13-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік аударымдардың сомалары келіп түскен күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен қордың шотына аударылады.»;
14, 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары немесе орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.
Хабарламаның нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Хабарлама төлеушiнің жеке өзiне қолын қойғызып немесе жөнелту мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама төлеушіге мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде –төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
мемлекеттік кірістер органы хабарламаны веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл Салық кодексінің 86-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген төлеушіге қолданылады);
«электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі (бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген төлеушіге қолданылады).
Мемлекеттік кірістер органдары төлеушіге хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген осы тармақта көзделген хабарламаны пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, Салық кодексінде белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн мұндай хабарламалардың табыс етілген күні болып табылады.
15. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мыналардан:
1) Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;
салықтық берешекті, кедендік төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтар және өсімпұл бойынша, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа, төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға міндетті.
Төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша бекіткен нысан бойынша шығарылады.
16. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналар:
Салық кодексінің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оны уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізуге жататын айыппұлдарды төлеу есебіне кейіннен аудару үшiн ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру;
егер касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қатысты шығарылған болса, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің түсетін қолма-қол ақшаны қорға аудару арқылы, қолма-қол ақша түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей бұлжытпай орындауына жатады.
Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік кірістер органының төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі берешек сомасы туралы хабарламаны жіберу және ұсыну үшін осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген тәсілдермен төлеушіге жолданады және ұсынылады.
Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің күшін осындай өкімдер шығарған мемлекеттік кірістер органы әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
17. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелмеген жағдайда мемлекеттік кірістер органы мұндай берешектің сомаларын:
1) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің;
2) өзіне хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған төлеушінің банктік шоттарынан мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алады.
Төлеушінің ұлттық валютадағы банктік шотында ақша болмаған жағдайда әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада берген инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шотта (шоттарда) ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар клиенттің ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізеді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттік корпорация өсiмпұл сомалары түскен күннен кейінгі операциялық бір күн iшiнде қордың банктік шотына ақшаны MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен аударады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу өтіліне есепке алынған кезеңге есептелген, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару тәртібі»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Төлеуші артық (қате) төлеген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
төлеушi (төлеушінің банктері және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды) мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруға өтінiш бередi;
өздері үшін әлеуметтiк аударымдар және (немесе) өсімпұл жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама-растама қоса беріледi;
мемлекеттік корпорация операциялық бес күн iшiнде әлеуметтiк аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi және осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiбередi;
әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың есептелу фактісі расталмаған жағдайда мемлекеттік корпорация өтінішті қоса берілген құжаттарымен төлеушіге қайтарады;
қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен ақшаны төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық жеті күн iшiнде оны мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады;
мемлекеттік корпорация қайтаруға жататын әлеуметтік аударымдар сомалары бойынша есептелген қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің тағайындалу фактісін анықтаған жағдайда, мемлекеттік корпорация әлеуметтік аударымдар сомалары келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күн ішінде оларды қордың шотына қайтарады;
қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша қор бас тарту себептері туралы ақпаратты кейіннен төлеушіні хабардар ету үшін мемлекеттік корпорацияға бередi;
мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұл сомасын қордан қаражат келіп түскен күннен кейінгі операциялық бір күннен кешіктірмей төлеушiге аударады;
мемлекеттік корпорация өздері үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жеке шоттарынан қайтарылған сомаларды есептен шығарады;
мемлекеттік корпорация қорды әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдардың қайтарылған сомаларын аудару туралы операциялық бір күн ішінде электрондық нысанда хабардар етеді;
мемлекеттік корпорация мен қор арасында айына бiр рет әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан төленетін әлеуметтік аударымдардың және өсiмпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.»;
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесіне 1-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесіне 2-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша»;
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесіне 3-қосымша алып тасталсын.
2. «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 878 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 411-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржы құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруы ережесiнде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шарт – Қор мен сенімгерлік басқарушының арасындағы қатынастарды белгілейтін және Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқарудың талаптары мен тәртібін айқындайтын шарт;
2) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, Қордың активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсатын, стратегиясын, шарттары мен шектеулерін, хеджирлеу талаптарын айқындайтын құжат;
3) инвестициялық кіріс – Қор активтерін инвестициялау нәтижесінде алынған (алуға жататын) ақша;
4) қаржы құралдары – бағалы қағаздар және қаржы нарығының Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жiберілген өзге де активтерi.
5) сенiмгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
6) сенiмгерлiк басқару – сенiмгерлік басқарушының, өз атынан өзiнiң иелiгiне, пайдалануға және басқаруға берiлген Қор активтерiн және олардың есебiнен сатып алынған қаржы құралдарын Қордың мүддесiнде басқару жөнiндегi қызметi (бұдан әрi – Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенiмгерлiкпен басқару).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қордың ақшасы мен бағалы қағаздарын сенімгерлік басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге және ақша мен бағалы қағаздарды сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қор активтерiн инвестициялау тәртiбi»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сенімгер басқарушы инвестициялық қызметті Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларацияның, ақшаны және бағалы қағаздарды сенімгерлікпен басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады және Қордың активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес қаржы құралдарына орналастырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер».
3. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мемлекеттік корпорацияның филиалдары – мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі»;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін есептей отырып, ІЭМ-ді және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі шешімнің жобасын қалыптастырады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және төрт жұмыс күні ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi».
4. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Алушы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында:
1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметті ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) өтінішпен жүгінеді;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде БЖЗҚ-ға өзі жүгінгенде:
БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.
БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде: алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.
БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы өтініш беру тәртібі БЖЗҚ ішкі құжаттарымен бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Алушылардың осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік корпорацияға ұсынған өтініштері бойынша мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға алушылардың мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштері туралы мәліметтер беріледі.
БЖЗҚ алушылардың осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорацияға аударады.
Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорация белгілеген әлеуметтік төлемдер кестесіне сәйкес алушылардың өтініште көрсетілген банк шоттарына аударады, бұл ретте бірінші төлем осы Қағидалардың 19-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Алушы осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған не алушыда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не ол белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, жүгінген күні өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тартады не бас тарту себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу жолымен өтінішті орындаудан бас тартады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.
Бұл ретте:
осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтінішін мемлекеттік корпорацияда тіркеу күні;
осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – БЖЗҚ-ға құжаттарды қабылдау не түсу күні зейнетақы төлемдеріне жүгінген күн болып есептеледі.
БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, жыл сайын белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.»;
14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, үшінші тұлға осы Қағидалардың 4, 8, 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша:»
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Өтініш пошта байланысының құралдары арқылы берілген кезде осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында, 8, 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда).»
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Алушы, не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі, не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасына, 8, 11 және 13-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттар толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні БЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады.»
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Зейнетақы төлемдері алушыларға белгіленген кесте бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушыларға бірінші зейнетақы төлемі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындау шартымен мемлекеттік корпорацияда өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күн ішінде не БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына құқық туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Кейінгі ай сайынғы зейнетақы төлемдері осы Қағидалардың 5-1 және 6-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.».
5. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңның 39-бабының 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төлеуге жатады.»
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі:
Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
1) заңды тұлғалар үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын табысы.
Бұл ретте, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.
Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;
4) мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
5) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;
6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі;
7) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған кіріс.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналары:
1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;
2) Салық кодексінің 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;
3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26), 27), 48) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.
Бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген табыстардан ұсталмайды.
4) Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мүгедектер және өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.
Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, дара кәсіпкерлер сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұстап қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттік корпорацияға:
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төлеген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
6) мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
8) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар – кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару».
6. «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібi»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібi»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны мемлекеттік корпорациядан тағайындау және төлеу тәртібi»;
6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша»;
7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша»;
8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша»;
8-1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-1-қосымша»;
12-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша»;
13-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша».
7. «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат)
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнге дейін инфляцияның деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. 3-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі проактивтік қағидат бойынша өтініш бермей тағайындалады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.
Айырма төлемін тағайындау мерзімі Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, бірақ Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамнан басқа, айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.
Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы).
Бұдан басқа өтінішке:
1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
2) осы Қағидалардың 3 тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:
алушы өзі жүгінген кезде:
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт;
екiншi деңгейдегi банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін сақтандырушы ұйыммен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар сенім білдірген тұлға арқылы өтініш берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда құжаттардың көшірмесін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);»;
9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжат;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Айырма төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген адамдарға базалық зейнетақы тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап, бірақ тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.».
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 129-құжат):
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.».
________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
қосымша
Мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік
аударымдарды есептеу және
аудару және оларды өндіріп алу
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтiк
сақтандыру қоры»
акционерлік қоғамының басшысы
____________________________
Өтініш
кімнен ______________________________________________________
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң
немесе төлеушi банктiң атауы)
(әлеуметтiк аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеушiнiң
немесе төлеушi банктiң атауы)
_______________ №___ төлем тапсырмасымен қате (артық) аударылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын:
Р/с № | ЖСН | Т.А.Ә. бар болса | Кезең | Төленген сома | Қайтарылатын сома |
атына қайтаруды жүргізуді сұраймын, референс, төлемнің жалпы сомасы __________, қайтарылатын жалпы сома ________, себебі (керегін белгілеу қажет):
төлеушi немесе банк бiр немесе бiрнеше төлем тапсырмасы негiзiнде екi немесе одан да көп рет қордың шотына қате аударған;
алушылар қайтаруға тиіс, жұмыстан босатылған қызметкерлер аванспен алған табысқа артық есептелген;
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа жеткен адамдар болып табылатын қатысушылар үшін артық төленген;
төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде төлем кезеңінде қате жіберілген;
төлем тапсырмасының тізімдік бөлігінде қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдар сомасында қате жіберілген;
төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
әлеуметтік аударымдар немесе өсімпұлдар болып табылмайтын қаражат қордың шотына қате аударылған;
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығы ретінде тіркелмеген жеке тұлға аударған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
Төлеушінің атауы: _______________
Төлеушінің ЖСН/БЖН:____________
ЖСК:____________
Төлеушінің БСК:__________________
Төлеушінің банкі:__________________
Төлеушінің банктік шотының нөмірі: ___________
Қосымшалар:
Қажет болған жағдайда: өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі, зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі, бюджетпен есеп айырысу туралы салық төлеушінің жеке шотынан үзінді, өтініштегі және төлеушінің төлем құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Қолдары:
Басшы _________________________
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Бас бухгалтер: _____________________
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Заңды мекенжайы: _____________
Төлеушінің байланыс телефондары:_______________
Телефон: +7 (____)_________________,
E-mail _____________________
Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады
(факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).
Мөр орны
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Бас бухгалтер: _____________________
(Т.А.Ә. бар болса, қолы)
Заңды мекенжайы: _____________
Төлеушінің байланыс телефондары:_______________
Телефон: +7 (____)_________________,
E-mail _____________________
Толтырылған күні 20 ____жылғы «___» ___________
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөрмен (бар болса) расталады
(факсимилемен қол қоюға жол берілмейді).
Мөр орны
_____________________