Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3021, 2009 жылғы 3 наурыздағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 1 маусымдағы №10-16 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №4827 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
М. Құлшар
Облыстық мәслихат
хатшысы
хатшысы
М. Құлшар
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№21-8 шешіміне
қосымша
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Күкірт тотықтары | 20 | |
2 | Азот тотықтары | 20 | |
3 | Шаң және күл | 10 | |
4 | Қорғасын және оның қосындылары | 3 986 | |
5 | Күкіртсутек | 124 | |
6 | Фенолдар | 332 | |
7 | Көмірсутектер | 0,32 | |
8 | Формальдегид | 332 | |
9 | Көміртегі тотықтары | 0,32 | |
10 | Метан | 0,02 | |
11 | Күйе | 24 | |
12 | Темір тотықтары | 30 | |
13 | Аммиак | 24 | |
14 | Алты валентті хром | 798 | |
15 | Мыс тотықтары | 598 | |
16 | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1 | Көмірсутектер | 44,6 |
2 | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3 | Метан | 0,8 |
4 | Күкірт диоксиді | 200 |
5 | Азот диоксиді | 200 |
6 | Күйе | 240 |
7 | Күкіртсутек | 1 240 |
8 | Меркаптан | 199 320 |
3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1 | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
2 | Дизель отыны үшін | 0,45 |
3 | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
4. Ластаушы заттарды төккені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1 | Нитриттар | 670 |
2 | Мырыш | 1 340 |
3 | Мыс | 13 402 |
4 | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5 | Тұзды аммоний | 34 |
6 | Мұнай өнімдері | 268 |
7 | Нитраттар | 1 |
8 | Жалпы темір | 134 |
9 | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10 | Өлшенген заттар | 1 |
11 | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 27 |
12 | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13 | Алюминий | 27 |
5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (Гбк) үшін | ||
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | ||
1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар,тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
1.2. | Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар | ||
1.2.1. | "қызыл" тізім | 14 | |
1.2.2. | "жақұт" тізім | 8 | |
1.2.3. | "жасыл" тізім | 2 | |
1.2.4. | сыныпталмағандар | 0,90 | |
1.3. | Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: | ||
1.3.1. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.3.1.1. | аршынды жыныстар | 0,002 | |
1.3.1.2. | жанас таужыныстары | 0,013 | |
1.3.1.3. | байыту қалдықтары | 0,01 | |
1.3.1.4. | шлактар, шламдар | 0,019 | |
1.3.2. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды,агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу,қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар,шламдар | 0,019 | |
1.3.3. | күл мен күлшлактар | 0,33 | |
1.3.4. | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,001 | |
2 | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін,гигабеккерельмен (Гбк): | ||
2.1. | Трансуранды | 0,38 | |
2.2. | Альфа-радиоактивті | 0,19 | |
2.3. | Бета-радиоактивті | 0,02 | |
2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,19 |
Аббревиатура:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.