Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы» № 611 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-146 тіркелген, 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 154 (906) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) шешімі;
2) Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі «Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 31 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-155 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған I сессиясының 2012 жылғы 24 қаңтардағы «IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының LIX сессиясының 2011 жылғы 12 желтоқсандағы «Қарағанды қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайынғы әлеуметік көмек көрсету туралы» № 611 шешімінің 1 тармағы 2) тармақшасының қолданысын уақытша тоқтату туралы» № 17 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Ж. Мұхтаров
Қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Бексұлтанов