Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлемақы ставкаларын бекіту туралы
қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлемақы ставкаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 576 бабы 8-тармағын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 5-тармағын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. «Астана қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 322/45-IV шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 623 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 1 мамырында «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
сессиясының төрағасы
А. Күрішбаев
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы
мәслихатының хатшысы
Ж. Нұрпейісов
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы «__»______
№______шешіміне
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін
төлемақы ставкалары
төлемақы ставкалары
1. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
Р/с № | Отын түрі | Пайдаланған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
1. | Этилденбеген бензин | 0,66 |
2. | Дизель отыны | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ | 0,35 |
4. | Керосин | 0,48 |
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (Салық кодексі) 576-бабының 2, 3, 5, 6-тармақтарына сәйкес төлемақы ставкалары өзгеріссіз қабылдансын.