Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы
№ 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы
№ 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасына келудің, онда болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 31 желтоқсандағы сағат 23:59 дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 143 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2020 № 220 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 727 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А. Мамин