Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 29 тамыздағы № 24/5 «2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 29 тамыздағы № 24/5шешіміне (2018 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4900 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
А. Асанова
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы
В. Бубенко
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаты
2020 жылғы 11 наурызы № 40/3
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 29 тамыздағы № 24/5
шешіміне 1-қосымша
2018-2020 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тiзбесі
Р/с № | Қатынастар |
Аққайың ауданы | |
Ауылдық қатынас | |
1. | Смирнов ауылы: «автостанция - № 3 орта мектеп – темiржол вокзалы - № 2 орта мектеп - балабақша – аудандық орталық аурухана – автостанция» қатынасы |
Ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастар | |
2. | Смирнов ауылы – Петропавл қаласы (Лесное ауылы арқылы) |
3. | Григорьевка ауылы – Петропавл қаласы |
4. | Новороссийка ауылы – Петропавл қаласы |
5. | Ивановка ауылы – Петропавл қаласы |
Ақжар ауданы | |
Аудан ішілік қатынастар | |
6. | Ақсары ауылы – Талшық ауылы (Үлгілі ауылы, Тұғылжап ауылы елді мекендерін қамтумен) |
7. | Горьковский ауылы – Талшық ауылы |
8. | Алқатерек ауылы – Талшық ауылы |
9. | Айсары ауылы – Талшық ауылы |
10. | Кенащы ауылы – Талшық ауылы |
11. | Киевский ауылы – Талшық ауылы |
12. | Ашыгөл ауылы – Талшық ауылы |
Айыртау ауданы | |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынастар | |
13. | Петропавл қаласы – Саумалкөл ауылы – Имантау ауылы |
Ғабит Мүсiрепова тындағы аудан | |
Ауылдық қатынас | |
14. | Новоишимское ауылы: «Туберкулезге қарсы диспансер – Черемушки шағын ауданы» қатынасы |
Ауданішілік қатынастар | |
15. | Қырымбет ауылы – Новоишимское ауылы |
16. | Чернозубовка ауылы – Новоишимское ауылы (Возвышенка ауылы арқылы) |
17. | Куприяновка ауылы - Новоишимское ауылы |
18. | Мұқыр ауылы - Новоишимское ауылы |
19. | Беспаловка ауылы - Новоишимское ауылы |
20. | Раисовка ауылы - Новоишимское ауылы |
21. | Разгульное ауылы - Новоишимское ауылы |
22. | Дружба ауылы - Новоишимское ауылы |
23. | Ұзынкөл ауылы - Новоишимское ауылы |
24. | Червонное ауылы - Новоишимское ауылы |
25. | Привольное ауылы - Новоишимское ауылы |
26. | Пески ауылы - Новоишимское ауылы |
Жамбыл ауданы | |
Ауылдық қатынас | |
27. | Пресновка ауылы: «Батырев көшесi – Мұқанов көшесi - № 1 орта мектеп – Интернационал көшесi – «Айнагүл» балабақшасы – аудандық орталық аурухана – Туберкулезге қарсы диспансер» қатынасы |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынас | |
28. | Қайранкөл ауылы – Петропавл қаласы |
Қызылжар ауданы | |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынастар | |
29. | Долматово ауылы – Петропавл қаласы |
30. | Петропавл қаласы – Дубровное ауылы |
Мағжан Жұмабаев ауданы | |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынастар | |
31. | Ганькино ауылы – Петропавл қаласы |
32. | Қарақоға ауылы – Петропавл қаласы |
33. | Молодогвардейское ауылы – Петропавл қаласы |
Тайынша ауданы | |
Қалалық қатынастар | |
34. | Тайынша қаласы: ««Баско» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – автостанция» қатынасы |
35. | Тайынша қаласы: ««Агробизнес» колледжі – Целинная көшесi» қатынасы |
36. | Тайынша қаласы: ««Агробизнес» колледжі - Жұмысшыкенті» қатынасы |
Ауданішілік қатынастар | |
37. | Чкалов ауылы – Тайынша қаласы |
38. | Ильич ауылы - Киров ауылы - Ясная Поляна ауылы - Вишневка ауылы - Виноградовка ауылы - Мироновка ауылы – Тайынша қаласы |
Тимирязев ауданы | |
Ауданішілік қатынастар | |
39. | Дружба ауылы – Тимирязев ауылы |
40. | Жарқын ауылы – Тимирязев ауылы |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынас | |
41. | Ақсуат ауылы – Петропавл қаласы |
Уәлиханов ауданы | |
Ауданішілік қатынастар | |
42. | Кiшкенекөл ауылы – Тельжан ауылы – Мортық ауылы – Көктерек ауылы – Жасқайрат ауылы – Қайрат ауылы – Қулыкөл ауылы – Қаратал ауылы – Береке ауылы |
43. | Кiшкенекөл ауылы – Тельжан ауылы – Мортық ауылы – Тілеусай ауылы – Амангелді ауылы – Қаратерек ауылы |
Аудан аралық (облысішілік қаларалық) қатынас | |
44. | Кiшкенекөл ауылы – Петропавл қаласы |
Шалақын ауданы | |
Ауданішілік қатынас | |
45. | Қаратал ауылы - Сергеевка қаласы – Ақанбарақ ауылы |
Қалалық қатынас | |
46. | Сергеевка қаласы: «автостанция – аудандық орталық аурухана - орталық базар –автостанция» қатынасы |