Мәслихаттың 2016 жылғы 11 мамырдағы № 24 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді аудандық мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 11 мамырдағы № 24 шешіміне (2016 жылғы 10 маусымда «Аманкелді арайы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:
1) өтiнiш берiлмеген болса;
2) оларды өткiзу кезінде «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Амангелді ауданының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.»;
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы
З. Нурханова
Амангелді аудандық
мәслихатының хатшысы
мәслихатының хатшысы
К. Кеделбаев
Амангелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 369 шешіміне
1-қосымша
Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
1-қосымша
Жиналыстар мен митингiлерді өткізу орындары
№ | Жиналыстар мен митингiлерді өткізу орындары |
1 | Наурыз алаңы |
Амангелді аудандық мәслихатының
2020 жылғы 12 наурыздағы
№ 369 шешіміне
2-қосымша
Жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
2-қосымша
Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары
№ | Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары |
1 | Ахмет Байтұрсынов - Әубәкір Дүйсенбин көшелерінің қиылысы – Таңатқан Палуан көшесі – Наурыз алаңы |