Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50- бабы 2- тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлан аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 30 наурыздағы № 86 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4971 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ішінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.».
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Е. Мурсалимов
Ұлан аудандық мәслихат хатшысы
О. Сыдыков