1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжат; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 215-баптың 3-тармағындағы «Автомобиль» деген сөз «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 216-бапта:
3) тармақшадағы «Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық басқарушы операторды» деген сөздер «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «Автомобиль» деген сөз «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық операторды, Автомобиль» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 85-баптың 3-тармағындағы «психикалық хал-жайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) жоқ екендігі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 106-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған;»;
3) 238-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 319, 320 және 321-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу
320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу
321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету»;
2) 3-баптың 11) тармағындағы «психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыруға» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылыққа (ауруға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 44-баптың екінші бөлігіндегі «алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан» деген сөздер «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 54-баптың бірінші бөлігінің 5) тармағындағы «психикасының бұзылуының ауыр түрiнен» деген сөздер «ауыр психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтан (аурудан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 62-баптың жетінші бөлігіндегі «психикалық аурумен» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықпен (аурумен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 91-баптың бірінші бөлігінің 4) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған;»;
7) 93-баптың екінші бөлігіндегі «алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емдеудi не есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасының бұзылуынан» деген сөздер «есiнің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарынан (ауруларынан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 129-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамды клондау, биомедициналық зерттеулер мақсаттары үшін адам эмбриондарын жасау немесе адам эмбрионын коммерциялық, әскери немесе өнеркәсіптік мақсаттарда пайдалану, сол сияқты жыныстық жасушаларды немесе адам эмбрионын дәл осы мақсаттарда Қазақстан Республикасынан әкету –»;
9) 318-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Лауазымды адам жасаған не ауыр зардаптарға алып келген, клиникалық зерттеулер жүргiзу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң және медициналық оңалтудың жаңа әдiстерi мен құралдарын қолдану тәртiбiн бұзу –»;
10) 319-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«319-бап. Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі жоқ адамның жүктілікті жасанды үзуді жүргізуі –»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тиісті бейіндегі жоғары медициналық білімі бар адамның жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізуі –»;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Абайсызда жәбірленушінің өліміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге алып келген, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу –»;
11) 320-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«320-бап. Медициналық көмек көрсетпеу
1. Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына және (немесе) медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес науқасқа медициналық көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келсе, –»;
12) 321-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету»;
13) 427-бапта:
бірінші абзацтағы «Бас бостандығынан» деген сөздер «1. Бас бостандығынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін сотталған адамның, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған сотталған адамдардың өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудан жалтаруы –».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 140-баптың үшінші бөлігінің 5) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделу курсынан өту;»;
2) 179-баптың бірінші бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;»;
3) 299-баптың үшінші бөлігінің 7) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтардан (аурулардан) емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер баяндалады.»;
4) 480 және 481-баптардың екінші бөлігіндегі «алкоголизмнен және нашақорлықтан» деген сөздер «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 650-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығымен байланысты, оны психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.».
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-II, 120-құжат):
1) 26-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған, есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға мекемелер сот үкімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
2) 113-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) есінің дұрыстығы жоққа шығарылмайтын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп танылған, сондай-ақ туберкулезден, инфекциядан, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емделудi аяқтамаған;»;
3) 117-баптың екінші бөлігінің екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекеменің медициналық бөлімі жүзеге асырады.».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 80-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру»;
133, 197 және 199-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы»;
«197-бап. Темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың маркасын пайдалану»;
«199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 423-1 және 424-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«423-1-бап. Темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды жиырма бір жасқа толмаған адамдарға сату»;
«424-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу»;
429 және 441-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«429-бап. АИТВ жұқтырғандармен, соз ауруларымен, туберкулезбен ауыратындармен қатынаста болып жүрген адамдардың, сондай-ақ психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынушы адамдардың медициналық зерттеліп-қаралудан және емделуден жалтаруы»;
«441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу»;
мынадай мазмұндағы 441-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу»;
701-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган»;
2) 80-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) мынадай мазмұндағы 80-1-баппен толықтырылсын:
«80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің
заңды қызметіне кедергі келтіру
заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:
1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;
3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;
4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту –
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 81-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 82-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 133 және 197-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі
бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар
бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын,
темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың
электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды сатуы
бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар
бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын,
темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың
электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«197-бап. Темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі
бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор
қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің,
тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған
сұйықтықтардың маркасын пайдалану
бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор
қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің,
тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған
сұйықтықтардың маркасын пайдалану
1. Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 199-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу»;
бірінші бөлікте:
133-бабында көзделген жағдайды», «бұйымдарын» деген сөздер тиісінше «133 және 423-1-баптарында көзделген жағдайларды», «бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «темекі бұйымдарын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) мынадай мазмұндағы 423-1-баппен толықтырылсын:
«423-1-бап. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және
темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі
бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор
қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді,
тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды сату
темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі
бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор
қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді,
тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған
сұйықтықтарды сату
1. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
9) 424-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде ұсыну –»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Емшілік сеанстарын екі және одан көп адамды тарта отырып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу –»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – денсаулық саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
10) мынадай мазмұндағы 424-1-баппен толықтырылсын:
«424-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың,
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу
диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың
жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу
Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.»;
11) 426-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген, вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау қағидаларын бұзу –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізетін дәрілік заттарға сараптама жүргізу тәртібін бұзу –
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, 2-1 және үшінші бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –»;
12) 429-бапта:
тақырып «сондай-ақ» деген сөздерден кейін «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтаруы –»;
13) 433-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға – айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға – жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға – төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;
ішкі істер органдарына – жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы –»;
14) 437-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы –»;
15) 441-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу
белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға
арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға
арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін
және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым
салуды бұзу
белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға
арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға
арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін
және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым
салуды бұзу
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну –
жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-2-бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну – ;»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшiн арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
16) мынадай мазмұндағы 441-1-баппен толықтырылсын:
«441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар
болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға
арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға
арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін
және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым
салуды бұзу
болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде
қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға
арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға
арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін
және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым
салуды бұзу
1. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
17) 455-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – алпыс, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөлікте:
4) тармақтағы «темекі өнімдеріне» деген сөздер «темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – отыз бес, лауазымды адамдарға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға – бір жүз жетпіс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
18) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«80 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «80 (2-2 және төртінші бөліктерінде), 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«423,» деген цифрлардан кейін «423-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
424 (үшінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «424-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
19) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
«441» деген цифрлар «441, 441-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы «438 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «441-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
20) 700-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «426 (бiрiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (2-1 және үшінші бөліктерінде), 80-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 432, 433 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
21) 701-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
22) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«85» деген цифрлар «80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 85» деген сөздермен ауыстырылсын;
«423,» деген цифрлардан кейін «423-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «462» деген цифрлар «433 (екінші бөлігі), 462» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (тағамдық өнiмдерге, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);»;
«52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2 және төртінші бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);»;
53) тармақшадағы «426» деген цифрлар «424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «333 (екінші бөлігінде),» деген сөздер «333 (екінші бөлігінде), 426 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 138-бапта:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;»;
2) 141-баптың 2-тармағында:
төртінші бөліктің 6) тармақшасындағы «саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты – медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіруді, дайындауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.»;
бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.»;
3) 144-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен және 12) тармақшадағы «нәтижелері негіздер болып табылады.» деген сөздер «нәтижелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабархат);»;
«13) денсаулық сақтау субъектісі эпидемияның, карантиндiк объектiлер мен аса қауiптi зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттiк аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындағаны немесе туындау және таралу қатерi туралы беретін ақпарат (шұғыл хабархат) негіздер болып табылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшесінің ақпаратты (шұғыл хабархатты) алуы негіз болып табылады.»;
4) 147-баптың 1-тармағында:
екінші бөліктегі «3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «3-тармағының 3), 3-1), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші вакциналар әкелуді, сапасы мен қауіпсіздігіне сараптаманы, сатып алуды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүргізілетін тексерулерге қолданылмайды.»;
5) 151-баптың 6) тармақшасындағы «3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «3-тармағының 3), 3-1), 4), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 154-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 38-тараудың, 335, 336, 337, 338, 339, 340-баптардың, 39-тараудың, 341, 342, 343, 344, 345-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«38-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
335-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
336-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру мерзімі
337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
338-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
340-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі»;
2) 302-баптың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы;
8) азаматты туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;»;
3) 38-тараудың тақырыбы, 335 және 336-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«38-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық
денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін
ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге
жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық
денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін
ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге
жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
335-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз
беру
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз
беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызудың негізділігі және оны емдеу туралы шешім қабылдаған, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының уәжді қорытындысы қоса беріледі.
336-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
мерзімі
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
мерзімі
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды сот шешім шығарғанға дейін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға тек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында ғана жол беріледі.
Сот шешімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жатқызудың әрбір жағдайы бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
2. Іс қозғай отырып, судья бір мезгілде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарында болуын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.»;
4) 337-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды
қарау
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды
қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам емдеуге жатқызылған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша адамның психикалық жай-күйі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, осы адамның өзін мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына өзінің қатысуына құқығы бар.»;
екінші бөлікте:
«бастамашы болған» деген сөздерден кейін «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін» деген сөздермен толықтырылсын;
«психиатриялық стационарға» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 338, 339 және 340-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«338-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз
бойынша сот шешімі
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз
бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына заңда белгіленген мерзімге емдеу және одан әрі ұстау үшін мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту
туралы арызды беру және қарау
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту
туралы арызды беру және қарау
1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін алты айдан астамға ұзарту туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр-дәрігерлер комиссиясы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарған мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытынды қоса беріледі.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
340-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу
мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық
бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық
саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның
стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу
мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.»;
6) 39-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс
жүргізу
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс
жүргізу
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымының өкілі осы адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытындылары болған кезде ғана науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша береді.
Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу жағдайында арызды осындай арыз берілген кезде аталған адамның орналасқан жеріндегі ішкі істер органдары береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының оны психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану және оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді қорытындысы қоса беріледі.
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберілетін, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілдерінің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның туыстарының, жұбайының (зайыбының), қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу туралы іс қозғалған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкелдіреді.
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот
шешімі
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот
шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды
беру және қарау
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды
беру және қарау
1. Заңда көзделген жағдайларда, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым әкімшілігінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.
345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз
бойынша сот шешімі
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы
(ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында
медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына
мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз
бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.»;
7) 467-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында:
«психиатриялық стационарға мәжбүрлеп» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«психикасының бұзылуынан зардап шегетін азаматты ауруханаға мәжбүрлеп» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу туралы арыз берген» деген сөздер «туберкулезден мәжбүрлеп емдеу туралы арыз берілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған кепілдіктер
126-2-бап. Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскерлерге арналған кепілдіктер»;
2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге;»;
3) 87-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, скринингтік зерттеулерден өтуге, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын көлемде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;
6) кемінде үш жұмыс күні көлемінде он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс.»;
4) мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптармен толықтырылсын:
«126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге
арналған кепілдіктер
арналған кепілдіктер
Жүкті әйелдердің қарап-тексеру және он екі аптаға дейін жүктілік бойынша медициналық есепке қою уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
126-2-бап. Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар
бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің)
донорлары болып табылатын жұмыскерлерге арналған
кепілдіктер
бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің)
донорлары болып табылатын жұмыскерлерге арналған
кепілдіктер
Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскердің қарап-тексеру және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөліктерін) алу уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.»;
5) 186-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.».
10. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
14-баптың г) тармақшасындағы «арнаулы емдеу-алдын алу мекемесiне ерiксiз емделуге» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) мәжбүрлеп емдеу – психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды өз еркімен емделуден жалтарған немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынуды жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;»;
27), 28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) өз еркiмен емделу – психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарын (ауруларын) науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;»;
2) 4-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету;
7) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін әлеуметтiк базаны, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;»;
3) 5-баптың 3-тармағының 4), 12) және 22) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;»;
«12) қызметi есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiреді;»;
«22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;»;
4) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне қарай есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға тiкелей қолжетімділік алатын жұмыскерлерге психиатр және нарколог дәрiгерлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) жоқ екендігі туралы, сондай-ақ олардың арасында жекелеген кәсiптік қызмет түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екендiгi туралы қорытындылары қажет.»;
5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету»;
6) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң құзыретi болып табылады, ал «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылық (ауру)» диагнозын дәрiгерлiк-консультативтік комиссия анықтайды.»;
7) 34, 35, 36 және 37-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Өз еркімен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп тану тәртiбi және оны психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға емдеуге жiберу негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтату негiзi мен тәртiбi, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.
35-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек
көрсету қағидаттары
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек
көрсету қағидаттары
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) профилактикасын, адамдарды зерттеп-қарауды, бұзушылықтар диагностикасын, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмекке мемлекет кепiлдiк бередi және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға медициналық көмекке өз еркімен жүгінген кезде көрсетiледi. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға медициналық-санитариялық көмек олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
4. Өз еркiмен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға – еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ, ал емдеу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетілген анықтама берiледi.
7. Емдеу курсынан өту үшiн психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға өз еркiмен жүгінген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiметтер осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жағдайда, тек қана iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн.
36-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек
көрсету құқығы бар жеке және заңды тұлғалар
байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары
(аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек
көрсету құқығы бар жеке және заңды тұлғалар
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық көмекті осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың ғана көрсетуге құқығы бар.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдар жүзеге асыратын медициналық-санитариялық көмек түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.».
12. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы саласындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.».
13. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат)
10-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;»;
14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бапта:
2-тармақ «бекіту және» деген сөздерден кейін «медицина қызметкерлерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-3-тармақ «айқындау» деген сөзден кейін «, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
14-2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;»;
3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;».
15. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат):
38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер
ететiн немесе улы заттардан қорғау
ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала психикаға белсенді әсер ететін заттарды, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
2. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.».
16. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) темекi өнімдері – шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер;»;
17. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «бұйымдарын» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «бұйымдарына» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;»;
1-1-тармақ «бұйымының» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, аудиокөрінім туындыларды, теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларды көрсету кезінде хабар таратушы немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны, бағдарламаны тікелей көрсету алдында немесе көрсету кезінде темекі тұтынудың зияны туралы сүйемелдеуші мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.».
18. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):
1) 5-баптың 6-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылық (ауру), Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн өзге де ауру не қайтыс болу).»;
2) 7-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құқық бұзушылық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнінде түсiндiру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;».
19. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 24-II, 122-құжат):
1) 11-баптың 7-тармағындағы «күйіндегі», «психикалық аурудың айқын белгiлерi бар» деген сөздер тиісінше «күйдегі», «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) көріністері бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 2-тармағындағы «нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтуді белгілеудің» деген сөздер «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емдеуден өтуді тағайындаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәмелетке толмағандар, олардың заңды өкiлдерi арасында санитариялық-эпидемиологиялық бiлiмдi таратуды, сондай-ақ саламатты өмiр салтын насихаттауды;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну және осымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуді және iске асыруды;»;
3) тармақшадағы «ата-аналарының немесе» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «ата-аналарына немесе» деген сөздер алып тасталсын;
8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар кәмелетке толмағандарды анықтауды, есепке алуды, зерттеп-қарауды және медициналық-әлеуметтiк оңалтуды;»;
«10) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларға кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) таралуы, сондай-ақ осы бапта көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерiнiң орналасқан жерi, олардың қызметiнiң мүмкiндiктерi мен нәтижелерi туралы хабарлауды;»;
4) 23-баптың 5) тармақшасындағы «алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшелерiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты тексерiлудi, қаралуды немесе емделудi қажет ететiн» деген сөздер «адамның психикалық және дене мүшелерінің функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануына байланысты тексерілуге, қаралуға немесе емделуге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 18-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді.».
21. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат):
18-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысы жоқ ақпаратты бермеуге құқылы.
5. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкес келуін конкурсты ұйымдастырушы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
Әлеуетті концессионер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.».
22. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) клиникалық база – білім беру ұйымы бірлескен қызмет туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;»;
мынадай мазмұндағы 50-3) тармақшамен толықтырылсын:
«50-3) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;»;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) резидентура – мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;»;
51-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56-3) тармақшамен толықтырылсын:
«56-3) үздіксіз интеграцияланған білім беру – деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;»;
2) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны қамтиды.
Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру «дәрігер» біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады.
Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
3) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.»;
4) 30-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.»;
5) 36-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 37-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
7) 40-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.
Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру.
Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
8) 47-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «резидентура тыңдаушылары» деген сөздер «резидент-дәрігерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «резидентура тыңдаушыларына» деген сөздер «резидент-дәрігерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 51-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;».
23. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):
1) 12-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы «және әлеуметтік дамыту» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.»;
3) 22-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салынуы мүмкін.».
24. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-I, 118-құжат):
1) 6-баптың 3-1-тармағындағы «психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, медициналық ұйымдарда динамикалық байқауда тұрған адамдардан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.»;
3) 140-баптың 2-тармағындағы «наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
1) 12-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды жүйелі түрде медициналық емес мақсатта тұтынуды ерте анықтау және олардың профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;»;
2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды анықтауды, есепке алуды және байқауды жүзеге асырады;».
26. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
89-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну жатады.».
27. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
19-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен имандылығына, Қазақстан халқының гендік қорына қатер төндiретiн басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;».
28. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 148-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат):
1) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уәкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқығы жоқ.»;
2) 51-баптың 14-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметте болған кезінде қызметкердің медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару;».
29. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін уəкілетті басшының жолдамасы бойынша медициналық ұйымдарда медициналық куəландырудан өтуден бас тартуға немесе жалтаруға құқылы емес.»;
2) 26-баптың 1-тармағы 13) тармақшасы бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«əскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну және масаң күйде болу фактісінің анықталу, сондай-ақ оны өтуден бас тарту немесе жалтару;».
30. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 8, 45-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
76-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Мемлекеттік шекараны қорғауға одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының), Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін өзге де аурудың анықталуы, азаматтың қайтыс болуы);».
31. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «жауапқа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеген, арнаулы қоныстандыру орындарында бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған» деген сөздер «жауаптылыққа заңсыз тартылған және қуғын-сүргiнге ұшыраған, кейiннен ақталған, күзетпен қамауда болған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген, жер аударуда болған, бас бостандығын шектеумен мәжбүрлеп еңбекке тартылған, қоныстандыру-колонияларындағы және психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеудегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы;»;
8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;».
33. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 32-баптың 2-тармағындағы «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған, психикасының бұзылуы» деген сөздер «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикалық бұзылушылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 67-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған» деген сөздер «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 12-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) автомобильдегі алғашқы көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының тізбесін бекітеді;»;
2) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:
«жедел» деген сөз «шұғыл» деген сөзбен ауыстырылсын;
«емдеу мекемелеріне» деген сөздер «медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгілеген» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «дәрігерге дейiнгі» деген сөздер «алғашқы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 29-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «дәрігерге дейiнгі» деген сөздер «алғашқы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
1) алғашқы сағат ішінде жол-көлік оқиғасы болған жерде және медициналық ұйымға бара жатқан жолда алғашқы көмек;
2) жол-көлік оқиғасы болған жерде, медициналық ұйымға бара жатқан жолда және медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек;
3) жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге медициналық ұйымдарда амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.»;
5) 32-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның үшінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын оқыту қағидаларына сәйкес адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды даярлау шеңберінде оқыту;»;
«жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алғашқы көмек көрсету және көрсетілетін алғашқы көмектің сапасын бағалау жүйесін әзірлеу және бекіту;»;
6) 54-баптың 3-тармағында:
7) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шығындарды өтеттіре отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жол-жөнекей бағытта кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды медициналық ұйымдарға тасымалдау үшiн, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу кезінде жүру бағытына қарамастан, медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлеріне;»;
8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшiн ықтимал шараларды қолдануға, жедел медициналық жәрдем шақыруға, ал шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей көлікпен жөнелтуге, ал егер бұл мүмкiн болмаса, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi медициналық ұйымға жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушi куәлiгiн және көлiк құралына берілген тiркеу құжатын көрсете отырып) және оқиға болған жерге қайтып келуге;».
35. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат):
1) 1-қосымшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
15-жолдың 3-бағанындағы «невропатология» деген сөз «неврология» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-қосымшада:
120-жолда:
2 және 3-бағандардағы «және гигиеналық нормативтерге» деген сөздер алып тасталсын;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
227-жолда:
2 және 3-бағандардағы «сынау» деген сөз «зерттеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-баған «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
228 және 229-жолдар алып тасталсын;
230-жолдың 4-бағаны «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
352 және 378-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
352 | Клиникалық практикаға жіберу үшін денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру | Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты | Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат |
»;
«
378 | Өнімдерді мемлекеттік тіркеу | Өнімдерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік | Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат |
»;
379-жолдың 4-бағаны «Иеліктен шығарылмайтын; мерзімсіз рұқсат» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 3-қосымшаның 31-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».
36. «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 3, 12-құжат; 2018 ж., № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 9-10, 52-құжат):
25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өмірлік қиын жағдайда жүрген, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектер қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;».
37. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат; № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 14, 53-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 15, 48-құжат; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат):
30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» ең
төмен әлеуметтік стандарты
төмен әлеуметтік стандарты
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес берілетін медициналық көмектің көлемін қамтиды.».
38. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат):
10-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.».
39. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 3-тармағындағы «заңдар мен халықаралық» деген сөздер «заңдарда немесе халықаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі
медициналық көмек
медициналық көмек
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек түрлері мен қызмет, дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және арнайы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес көрсетіледі.»;
4) 40-баптағы «31 наурызға» деген сөздер «1 шілдеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«5) 41-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «31 наурыздан» деген сөздер «1 шілдеден» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; 2020 жылғы 19 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-баптың 16) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
41. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 13, 46-құжат; № 21, 102-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
16-баптың 2) және 3) тармақшаларындағы «психикасының бұзылуынан азап шегетін», «психикасының бұзылуынан (ауруынан) азап шегетін» деген сөздер тиісінше «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 24-II, 121-құжат):
11-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;».