«Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ескерту. 01.01.2021 бастап қаулының қолданысы тоқтатылды - осы қаулының 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:
24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1. Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты жобалауға және салуға, сондай-ақ Covid-19 емдеу бойынша модульдық аурухана салуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген жағдайда өтінішхат жобалау-сметалық құжаттама ұсынылмай, жиынтық есеп-қисаптармен қоса ұсынылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А. Мамин