1-бап
Конвенцияның 10-бабы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан, бір Уағдаласушы
Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі:
Мемлекеттің резиденті болып табылатын компания төлейтін дивидендтерге егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі:
(a) Қазақстанда:
(i) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орталық немесе жергілікті билік органы;
(ii) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; немесе
(iii) Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында кей-кейде келісілуі мүмкін болатын кез келген басқа мекеме;
(b) Люксембургте:
(i) Люксембургтің Үкіметі немесе жергілікті билік органы;
(ii) Люксембургтің Орталық Банкі;
(iii) “Societe Nationale de Credit et d’Investissement” (Кредиттеу және инвестициялар жөніндегі ұлттық компания); немесе
(iv) Люксембургтің Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары арасында кей-кейде келісілуі мүмкін болатын кез келген басқа мекеме болып табылса, салық екінші Уағдаласушы Мемлекетте ғана салынады.»