Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін.
2. Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Үкіметі
2021 жылғы « »
№ қаулысына
№ қаулысына
қосымша
Түркістан облысының шекарасына енгізілетін Бағыс және Хиебон елді мекендері жерлерінің экспликациясы
№ | Елді мекен атауы | Жер учаскенің жалпы алаңы (гектар) | соның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | оның ішінде: | елдi мекендердiң жерi | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер | ||||||
егістік | соның ішінде: | өзге жерлер | |||||||
суармалы егістік | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | |
1 | Бағыс елді мекені | 750 | - | - | - | 637,86 | 112,14 | ||
2 | Хиебон елді мекені | 45,62 | 37,32 | 36,29 | 36,29 | 1,03 | 5,6 | 2,7 |
_______________________________________