Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы
А. Айтжанов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
А. Нугманов
облыстық мәслихаттың
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 39
шешіміне 1 қосымша
шешіміне 1 қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру
№ | Дәрiлiк заттардың атауы (шығару нысаны) | Аурулар | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсетілімдер (дәрежесі, сатысы, ағын ауыртпалығы) |
1. | Силденафил, таблетка, қабықпен жабылған, таблетка пленкалық қабықпен жабылған | Өкпе артериясының гипертензиясы | диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
2. | Риоцигуат, пленкалық қабықпен жабылған таблетка | |||
3. | Метилпреднизолон, таблетка | Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия) | ||
4. | Пеницилламин, таблетка | |||
5. | Инфликсимаб, көктамыр ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ | Крон ауруы, спецификалық емес ойықжараколиті | ||
6. | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді | Бехчет ауруы | ||
7. | Ибандрон қышқылы, қабықпен жабылған таблетка | Аяқталмаған остеогенез | ||
8. | Урсодез оксихол қышқылы, капсула | Кистоздық фиброз (муковисцидоз) | ||
9. | Тобрамицин, ингаляцияға арналған | |||
10. | Натрий колистиметаты, ингаляцияға арналған ерітінді | |||
11. | Ацетилцистеин, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған көпіретін таблетка, ішуге арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ | |||
12. | Аквадекс, оңтайлы сіңуге арналған дәрумендер | |||
13. | Орта тізбекті триглицеридтер негізінде мамандандырылған емдік өнімдер | |||
14. | Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді | Бехтерев ауруы, анкилоздаушы спондилит | ||
15. | Третиноин, капсула | Лейкоз (лимфойдтық, миелоидты) | ||
16. | Иксазомиб, таблетка | Көптеген миелома | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | |
17. | Бозентан, таблетка, қабықпенжабылған | Өкпе артерияысының гипертензиясы | диспансерлік есепте тұрған, барлық санаттар | Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта (дәрілік заттардың айналысы саласындағы уәкілетті орган бекіткен) балаларға қолдануға қарсы көрсетілімдері туралы нұсқамасы бар дәрілік затты бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда,дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде пациенттің жеке өзіне жақпаған жағдайда |
18. | Тоцилизумаб, инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат | Ювенилдіқ идиопатикалық артрит | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
19. | Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітіндісі, тері астына енгізуге арналған ерітінді | |||
20. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула | Лейкоз (лимфойдтық, миелоидты) | ||
21. | Паливизумаб, ерітінді | Бронх өкпенің дисплазиясы | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | |
22. | Вигабатрин, қабықпен қапталған таблетка | Эпилепсия | Бейінді мамандардың қатысумен медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | |
23. | Этосуксимид, таблетка | |||
24. | Диазоксид, капсула | Туа біткен гиперинсулинизм | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | |
25. | Декспантенол, крем, май | Буллезді эпидермолиз | ||
26. | Октенисепт, зарарсыздандыратын ерітінді | |||
27. | Пронтосан, гель | |||
28. | Судокрем, гипоаллергенді крем | |||
29. | Аргосульфан, крем | |||
30. | Куриозин, гель | |||
31. | Ксемоз, жұмсартатын крем | |||
32. | Липикар, гель-крем | |||
33. | Мамандандырылған байлап-таңу материалдары (адгезивсіз, гидрогелдік, гидроактивтік, гидроколлоидтық таңғыштар, құрамында күміс бар таңғыштар, құрамында хлоргексидин бар таңғыштар) | |||
34. | Орта тізбекті триглицеридтер негізінде мамандандырылған емдік өнімдер | |||
35. | Глютенсіз мамандандырылған емдік өнімдер | Целиакия | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері | |
36. | Орта тізбекті триглицеридтер негізінде мамандандырылған емдік өнімдер | Көмейдің стенозы | Бейінді мамандардың қатысуымен -консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | |
37. | Будесонид, ингаляцияғаарналған | |||
38. | Фенотерол + Ипратропия бромиді | |||
39. | Манжетсіз трахеостомиялық түтік | |||
40. | Вакуумдық бақылаудағы аспирациялық катетер | |||
41. | Дауыс клапандары | |||
42. | Трахеостомаға арналған таспалар | |||
43. | Компрессорлар мен майлықтар | |||
44. | Трахеостомаға арналған бітеуіштер | |||
45. | Пульсоксиметр | |||
46. | Жылуылғал алмастырғыш | |||
47. | Бетагистинадигидрохлориді, таблетка | жүйке жүйесінің аурулары | Ұлы Отан соғысының ардагерлері: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері: 1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); 2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; 3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; 4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; 5) Ауғанстан дағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 6) Тәжікстан –Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 8) Таулы Қарабахтағы этнос аралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 6-бабына сәйкес жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер. | Ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
48. | Циннаризин, таблетка | |||
49. | Пентоксифиллин, таблетка | |||
50. | Зопиклон, таблетка | |||
51. | Тофизопам, таблетка | |||
52. | Панкреатин, ішектің еритін қабығындағы таблетка | ас қорыту органдарының аурулары | ||
53. | Флуконазол, таблетка, капсула | |||
54. | Лактулоза, құтыда ішке қабылдауға арналған ерітінді | |||
55. | Ранитидин, таблетка | |||
56. | Урсодезоксихол қышқылы, капсула | |||
57. | Амброксол, шәрбат | Тыныс алу жүйесі аурулары | ||
58. | Хлоропирамин, таблетка | |||
59. | Карбоцистеин, шәрбат | |||
60. | Норфлоксацин, таблетка | Несеп-жыныс жүйесі аурулары | ||
61. | Финастерид, қабықпен жабылған таблетка | |||
62. | Тамсулозин,босап шығуы бақыланатын, босап шығуы ұзартылған таблетка, босап шығуы өзгертілген капсулалар | |||
63. | Кетопрофен, крем, гель | Омыртқа бағаны менқозғалыс органдары аурулары | ||
64. | Дексаметазон, көзтамшылары, көзмайы | Көз ағзасы аурулары | ||
65. | Дексаметазон + тобрамицин, көзтамшылары | |||
66. | Тетрациклин, көз майы | |||
67. | Ацикловир, көз майы |
Облыстық мәслихаттың
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 39
шешіміне 2 қосымша
шешіміне 2 қосымша
Ақтөбе облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 тіркелген) шешімі;
2. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 233 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4029 тіркелген) шешімі;
3. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 227 «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5780 тіркелген) шешімі;
4. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 356 «Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезiнде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5961 тіркелген) шешімі.