«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына
толықтыру енгiзу туралы
толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 219-1) тармақшамен толықтырылсын:
«219-1 өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесін және біріздендірілген инвестициялық стандартты әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Премьер-Министрі
А. Мамин