Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 маусымдағы №08-02-03/166 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің (кадастрлық нөмірі №19-326-087-119) жер учаскесінде орналасқан У.Сергалиевтің мал шаруашылығы кешенінің аумағында бір бас уақ малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірлік ауылдық округінің
әкімі
әкімі
О. Аристанбеков