Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Көкшетау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген);
2) «Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі
Б. Ғайса
«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясымен
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ А-7/1369 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Көкшетау қаласы | «Юбилейный» шағын ауданы, 39, «Бакалея» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. |
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60, «Тігін фабрикасы» аялдамасының жанындағы стенд. | ||
Мұхтар Әуезов көшесі, 173, «Базар» аялдамасының жанындағы стенд. | ||
«Васильковский» шағын ауданы, 34, «Сырымбет» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Кенесары Қасымұлы көшесі, 191, «Достық» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Төлеу Сүлейменов көшесі, 2 А, «Жібек Жолы» базары ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Осипенко көшесі, 1, «РИО» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Рақымбек Сабатаев көшесі, 1, «Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасының жанындағы стенд. | ||
Станиславский көшесі, 35, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Абай көшесі, 124, «Истоки» мәдениет сарайы ғимаратының жанындағы стенд. | ||
Буденный көшесі, 83, «Бурабай спорт кешені» аялдамасының жанындағы стенд. | ||
Оразбек Қуанышев көшесі, 170, «Ауыл шаруашылығы институты» аялдамасының жанындағы стенд. | ||
2 | Красный Яр ауылы | Достық көшесі, 22, «Темирлан» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. |
Желтоқсан көшесі, 1, «Наурыз» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. | ||
3 | Станционный кенті | Юбилейная көшесі, 18, «Синегорье» дүкені ғимаратының жанындағы стенд. |