Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 4 шешімінің күші жойылды
деп тану туралы
деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 1-13/263 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Железин ауданы Лесной ауылдық округінің Лесное ауылы Первомайская және Зеленая көшелерінде құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Павлодар облысы Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7245 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Железин
ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі
ауданы Лесной ауылдық округінің әкімі
Н.
Унбаев
Унбаев