Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Заңғар-Н» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 маусымдағы № 327 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Тарбағатай ауданы Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Заңғар-Н» шаруа қожалығының мүйізді ұсақ малдардың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шекте іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
әкім
А. Ерзатов