Карантин белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 30 маусымдағы № 02-09-04/112 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округінің Ноғайты ауылы аумағында карантин белгіленсін.
2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ащы ауылдық округінің
әкімі
С. Құлбатыр