Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 38 «Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 02-05/390 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесі № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 38 «Қазығұрт ауылы округі, Қазығұрт елді мекені, Бурабай көшесінде № 12 А үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6184 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауылдық округінің әкімі
К. Садыков