Әкімдіктің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 «Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» 2018 жылғы 29 маусымдағы № 302 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7975 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі сегізінші жолмен толықтырылсын:
«
8 | 8-учаске | 1 | 51º33'42,0" | 61º4'20,48" | 5 | Жітіқара ауданы |
2 | 51º33'42,0" | 61º4'16,0" | ||||
3 | 51º33'58,0" | 61º4'22,0" | ||||
4 | 51º33'58,0" | 61º4'26,65" |
».
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
А. Мухамбетов
Келісілді
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Қостанай облысы
бойынша экология департаменті»
Келісілді
«Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
Геология комитетінің
«Солтүстікқазжерқойнауы»
Солтүстік Қазақстан өңіраралық
геология департаменті»