1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 407-1 және 407-2-баптармен толықтырылсын:
«407-1-бап. Жануарларға қатыгездікпен қарау
1. Жануарларға қатыгездікпен қарау, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
407-2-бап. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен
қарау саласындағы заңнамасын бұзу
қарау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасында белгіленген:
1) жануарларды аулауға, уақытша ұстауға және жансыздандыруға;
2) үй жануарларын есепке алуға;
3) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды зоологиялық питомниктерде, жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында ұстауға;
4) үй жануарларын ұстауға және серуендетуге;
5) осы Кодекстің 406-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының бесінші абзацында, 571-бабының 2-1 және төртінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарларды тасымалдауға қойылатын талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«408-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) 685-бапта:
бірінші бөліктегі «408» деген цифрлар «407-1, 407-2, 408» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
3) тармақша «197,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақша «386,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 709-бапта:
бірінші бөлік «396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақша «396 (бірінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2), 3), 4) тармақшалардағы «388-баптарында» деген сөздер «388, 407-1, 407-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 729-бапта:
бірінші бөлік «405,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2, 408,» деген цифрлармен толықтырылсын;
үшінші бөлік «386,» деген цифрлардан кейін «407-1, 407-2,» деген цифрлармен толықтырылсын.