1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
1) 940-баптың 3-тармағындағы «мүгедектерге», «ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін, қарындастарын күтумен айналысатын» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін (қарындастарын) күтумен айналысатын ата-анасының біреуіне, жұбайына не» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1052-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 51-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 54-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацындағы «мүгедек балаларды қоса, мүгедектерді» деген сөздер «, мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 55-баптың 1-тармағы 5) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектерді» деген сөздер «қарттарды және мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 56-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасында:
үшінші абзацтағы «мүгедек балаларды» деген сөздер «мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына», «мүгедектерді», «мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 7) және 9) тармақшаларындағы «мүгедектердің», «мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 147-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының сот тәртібімен алимент беруді талап етуге құқығы бар.»;
2) 148-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар ортақ баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң мүгедектігі бар ортақ балаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының;»;
3) 169-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «Мүгедек» деген сөз «Мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 222-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар адамдарды дәрігерлік-консультативтік комиссияның төрағасы куәландыруы мүмкін.».
4. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 43-баптың үшінші бөлігіндегі «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 44-баптың бірінші бөлігіндегі «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 45-баптың үшінші бөлігіндегі «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 72-бапта:
бірінші бөліктің төртінші абзацындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің 2) тармағындағы «мүгедек» деген сөз «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктің 3) тармағының екінші абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 152-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «мүгедекпен» деген сөз «мүгедектігі бар адаммен» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 30-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.»;
2) 81-баптың алтыншы бөлігіндегі «мылқау немесе саңырау адамдардың» деген сөздер «сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 145-баптың үшінші бөлігінің төртінші абзацындағы «мүгедек туыстары» деген сөздер «мүгедектігі бар туыстары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 210-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.»;
5) 640-баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарды, есту қабілетінен толық айырылған адамдарды және көру қабілетінен толық айырылған адамдарды;
3) мүгедектігі бар адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатады.».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 10-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталғандардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»;
2) 16-баптың бірінші бөлігінің 18) тармақшасындағы «мүгедектігі бар және мекемелерде жазасын өтеп жүрген» деген сөздер «мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 52-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;
4) 57-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа оны жазасын одан әрі өтеуден босату туралы ұсыну енгізеді.»;
5) 69-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде пробация қызметі сотқа – оны мәжбүрлі еңбектен босату туралы ұсыну, ал сотталған адам жүкті болған жағдайда жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыну жібереді.»;
6) 86-баптың екінші бөлігі 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Науқас сотталғандар, мүгедектігі бар сотталғандар медициналық қорытындыда саны мен ассортименті айқындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар салынған сауқаттар мен сәлемдемелер алуға құқылы;»;
7) 96-баптың 3-1-бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сотталған жүкті әйелдерге және жанында жас балалары бар сотталған әйелдерге, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандарға қатысты мекеме түрін толық қауіпсіз мекемеге өзгертуге жол берілмейді.»;
8) 105-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүкті әйелдер, балалары бар әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар және емдеу-профилактикалық мекемелерде ұсталатын сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаты есебінен тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды шектеусіз сатып алуға құқылы.»;
9) 113-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мекемеден тыс жерде кәмелетке толмаған мүгедектігі бар балалары бар сотталған әйелдердің олармен кездесу үшін жылына бір рет қысқа мерзімге шығуына құқығы бар.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар, денсаулық жағдайына байланысты үнемі күтімге мұқтаж сотталғандардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандардың жұбайымен (зайыбымен), туысымен немесе өзге еріп жүруші адаммен бірге мекеме шегінен тыс жерге шығуына рұқсат етіледі.»;
10) 115-баптың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.
6. Мүгедектігі бар сотталғандар ұсталатын ғимараттар мен үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.»;
11) 127-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Отыз жастан асқан сотталғандар мен мүгедектігі бар сотталғандар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімді өздерінің қалауы бойынша алады.»;
12) 134-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүгедектігі бар сотталғандарды ұстауға арналған тәртіптік изоляторлардағы камералар мен жалғыз адамдық камералар арнаулы техникалық құралдармен жабдықталады.»;
13) 144-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.»;
14) 162-баптың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген кезде жазаны орындайтын орган сотқа оны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босату туралы ұсыну енгізеді.»;
15) 166-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацында:
«мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедектер және қарттар үйіне» деген сөздер «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 167-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босату кезінде мекеме әкімшілігі олардың жұбайын (зайыбын), туыстарын не сотталған адамның өтінішінде аталған өзге де адамдарды, сондай-ақ сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметін алты ай бұрын хабардар етеді.»;
17) қосымшаның 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнап жасалған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары;».
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 79-3-бапта:
1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарды;
мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;»;
3) тармақшада:
бірінші абзацтағы «мүгедектердің», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдарға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «мүгедектерді», «мүгедек балаларды» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы және он бірінші абзацтардағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 138-баптың 47) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«47) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 14-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.»;
2) 46-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Іске қатысатын, есту және (немесе) көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдар осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құқықтарды аудармашы көрсететін қызметтердің көмегімен, сондай-ақ сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарды қолдана отырып пайдалануға құқылы.»;
3) 56-4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аударма жасау үшін білуі қажет тілдерді, оның ішінде ымдау тілін және (немесе) Брайль әліпбиін меңгерген және іске қатысатын адам, сондай-ақ куә, сарапшы, маман іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшін процестік әрекеттерге қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады.»;
4) 112-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «І және ІІ топтардағы мүгедектер» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 6-баптың 2-тармағында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«байланысты» деген сөзден кейін «немесе өзге де мән-жайлар бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар адаммен жасалатын еңбек шартында жұмыс орнын оның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.»;
3) 54-баптың 2-тармағындағы «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 69-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.»;
5) 75-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бірінші топтағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.
Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеуге тыйым салынған болса, оларға мұндай режим белгіленбейді.»;
6) 76-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар он сегіз жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға құқылы емес.»;
7) 77-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдар жіберілмейді.»;
8) 89-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.»;
9) 127-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер медициналық көрсетілімдер бойынша он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің, жүкті әйелдердің, сондай-ақ мүгедектігі бар жұмыскерлердің мұндай жұмысына тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедектігі бар балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімнің жүзеге асырылуына мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелеріне күтімді жүзеге асыратын не мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.»;
10) 135-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүктілігі туралы анықтама берген, жүктілік мерзіміне он екі және одан көп апта болған жүкті әйелдер, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар медициналық қорытындыны ұсынған күннен бастап жіберілмейді. Өзге жұмыскерлер, егер оларға мұндай жұмыстардың медициналық қорытындылар негізінде қарсы көрсетілімі болмаса, вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкін.».
10. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 129-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.»;
2) 178-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстарды қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушының өңірдің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту мен қолдауға, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған шығыстары, сондай-ақ ол осы мақсаттарға мемлекеттік бюджетке аударатын қаражат жатады.».
11. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
49) тармақшадағы «, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті» деген сөздер «және ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті» деген сөздермен ауыстырылсын;
159) және 191) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«159) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік-еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектігі бар адамдардың денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;»;
«191) мейіргерлік күтім – денсаулықты насихаттауды, аурулар профилактикасын және науқастардың, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;»;
2) 7-бапта:
43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 104-1) тармақшамен толықтырылсын:
«104-1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның қызметі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
3) 12-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 21-2) тармақшамен толықтырылсын:
«21-2) дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
27) тармақшадағы «аудан орталығынан шалғайдағы» деген сөздер «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 65-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың барлық тобы үшін көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мүмкіндігі шектеулі басқа да топтары үшін медициналық мақсаттағы объектілерді бейімдеу;»;
5) 77-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың (мүгедектігі бар адамдардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.»;
6) 78-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 77-бабының 1-тармағында көзделген құқықтардан бөлек, әрбір баланың:»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (мүгедектігі бар балалардың) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.»;
7) 83-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.»;
8) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – орта медицина қызметкерлері дербес немесе мультипәндік команданың құрамында көрсететін, денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектігі бар адамдар мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын медициналық көмек.»;
9) 125-баптың 5-тармағындағы «мүгедек балалардың» деген сөздер «мүгедектігі бар балалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 165-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 233-бапта:
4-тармақтың 5) тармақшасы «денсаулық» деген сөздің алдынан «осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда ауылдық елді мекендерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «Аудан орталығынан шалғайдағы, дәріханалары жоқ» деген сөздер «Дәріхана жоқ ауылдық» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 276-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы «бірінші бөлігін;» деген сөздер «бірінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшасы алып тасталсын;
2 және 3-тармақтар алып тасталсын.
12. «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экологиялық қасірет аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) орындармен артықшылықпен қамтамасыз етілу құқығы беріледі.»;
2) 17-баптың 2-тармағындағы «І және ІІ топтағы мүгедектердің» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың бесінші абзацындағы «мүгедек деп танылған», «адамдардың балалары» деген сөздер тиісінше «адамдардың мүгедектігі бар», «балалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) бірінші кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық мемлекеттің қамтамасыз ету жағдайында тұруға;».
15. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың екінші бөлігінің жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, жаңа технологияларды, мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген құрылғылар мен технологиялардың мобильділігін жеңілдететін құралдарды пайдалану;
жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын көлік жұмыскерлерін мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау және оларға көрсетілетін қызметтерді ұсыну дағдыларына үйрету, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;»;
2) 11-баптың бірінші бөлігінің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасауға міндетті.»;
3) 18-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушы рейстер он және одан көп сағатқа кідіртілген кезде жолаушыларға, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждығын ескере отырып, өз есебінен қонақүйден орындар беруге және оларды тамақтандыруға міндетті.»;
4) 25-баптың екінші бөлігінің 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімді болуының қамтамасыз етілуін, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлардың жасалуын бақылауды;».
16. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
74-2-баптың 3-тармағының 5) тарақшасындағы «мүгедектерінің», «басқа да мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарының», «мүгедектігі бар адамдардың басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның ата-анасының біреуіне;».
18. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4-тармағындағы «қарттар үйлерінде» деген сөздер «медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ортақ пайдалануға арналған тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.»;
3) 13-баптың 8-тармағында:
2) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;»;
«5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығуы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;»;
7) тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «мүгедек баланы (мүгедек балаларды)», «мүгедекті (мүгедектерді)» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)», «мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «мүгедек балаларды» деген сөздер «мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 40-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың тұрғынжайға кіруін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.»;
5) 67-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасының екінші бөлігіндегі «мүгедек балаларға» деген сөздер «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 68-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;»;
7) 73-баптың 2-1-тармағындағы «1 немесе 2 топтағы», «мүгедек балалары», «мүгедек балаға» деген сөздер тиісінше «бірінші немесе екінші топтағы», «мүгедектігі бар балалары», «мүгедектігі бар балаға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 76-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға, жүрек-қан тамырлары және басқа да асқынған аурулармен ауыратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай – олардың тілегі ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екіншіден жоғары емес қабаттан беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарға ғимараттың типін, жайлылық дәрежесі мен тұруға қажетті басқа да жағдайларды ескере отырып, тұрғын үй-жайды таңдау құқығы беріледі.»;
9) 101-10-баптың 3) тармақшасындағы «мүгедек баланы (мүгедек балаларды)», «мүгедек баласы (мүгедек балалары)», «мүгедек (мүгедектер)» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)», «мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары)», «мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 118-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 10) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда);»;
«10) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға;»;
«12) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге, жалғызілікті аналарға (некеге тұрмаған, бала тәрбиелеп отырған әйелдерге), егіз бала тапқан отбасыларға, егер азаматтардың бұл санаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен кіріс алатын болса;»;
11) 120-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар адамдарды (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда);».
19. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша:
«мүгедектерге», «мүгедек адамдарды», «мүгедек адам», «мүгедек», «мүгедектердің», «мүгедек болғандар», «мүгедектер», «мүгедек болған адамдар», «мүгедек болған жағдайда», «мүгедек болған» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі туындаған кезде», «мүгедектігі туындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедек балалар», «мүгедек балаларға» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – бес жылдық жалақысы;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – үш жылдық жалақысы;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға бір жылдық жалақысы төленеді.».
21. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-1-баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдар;»;
«5) бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;»;
2) 37-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;».
22. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің мүгедектігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін арнаулы даярлығы, білімі және дағдылары болуға тиіс.»;
2) 16-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Сөйлеу не есту не көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар болып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандардың көрсететін қызметтерін пайдалануға құқығы бар.».
23. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-1) тармақшасындағы «мүгедекке» деген сөз «мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-2) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-3) қатысқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтарына жәрдемақы тағайындалатын, ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін бекітеді;
1-4) наградталған кезде жәрдемақы тағайындалатын, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді;»;
3) 4-баптың 1-тармағының 1-3), 3), 4), 7), 8) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3) мәртебесі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасында айқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;»;
«3) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);»;
«7) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
8) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;
8-1) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;»;
4) 5-баптағы «мүгедек», «мүгедекті», «мүгедектің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамды», «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
«мүгедек», «мүгедек адам», «мүгедекке» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адам», ««мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 7-баптың үшінші бөлігінде:
4), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;»;
«6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;»;
13), 14), 15) және 16) тармақшалардағы «мүгедектерге», «мүгедек балаларға» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-баптың 5, 6 және 7-тармақтарындағы «мүгедек», «мүгедектің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-1-баптың 2-тармағындағы «мүгедектің» деген сөз «мүгедектігі бар адамның» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-7) тармақшамен толықтырылсын:
«14-7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;»;
2) 35-баптың 1-тармағының 12-2), 12-4), 12-5) және 12-6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«12-2) мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады;»;
«12-4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
12-5) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;».
25. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың аз қамтылған топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;».
26. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 61-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«61-3) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;»;
2) 6-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдардың тұруына, болуына және жұмыс істеуіне арналған ғимараттар мен құрылысжайлар жатады.»;
3) 7-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру бөлігінде мемлекеттік қала құрылысы саясатына, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және аталған жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес елді мекеннің (қоныстың) аумағы шегінде осы жергілікті жерге қатысты мекендеу мен тіршілік етуге қолайлы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қолжетімді ортаға;»;
4) 11-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «мүгедектер мен іс-қимылы шектеулі басқа да топтарды», «мүгедектердің және халықтың іс-қимылы шектеулі басқа» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарды», «мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) және 12) тармақшаларындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 25-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 30-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «мүгедектер мен халықтың қауқары аз» деген сөздер «мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 48-баптың 4-тармағындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 79-баптағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «мүгедектерді», «мүгедек балаға», «мүгедекке», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 17-1-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теміржол вокзалында билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитариялық-тұрмыстық, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері (оның ішінде жолаушыларды бірыңғай анықтамалық-ақпараттық орталықпен байланыстыратын объектілер), медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті болуға тиіс.
2. Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыты, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың бар-жоғы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітабының тұрған орны, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы туралы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қарым-қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдар үшін де қамтамасыз етіледі.
3. Жолаушылар платформалары мен перрондарға өтпелер және шығу жолдары мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуға (пандустармен, арнаулы лифтілермен жабдықталуға) тиіс.»;
2) 17-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-2-бап. Теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдары мен теміржол станцияларында:
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
5) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
6) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Поездың құрамында кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған көтергіш құрылғылары, кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы орындары бар вагон болуға тиіс.»;
3) 67-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші бөлігіндегі «Мүгедектер» деген сөз «Мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 12-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық қамтым;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық қамтым;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.».
30. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «алпыс» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектерді», «заңдарында» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнаулы білім беру ұйымдары тірек-қимыл аппараты, көру және (немесе) есту және (немесе) сөйлеу қабілеті бұзылған, интеллектісі, эмоциялық-сана жағынан ауытқушылығы бар балалардың білім алуы үшін ымдау тілін, Брайль әліпбиін, басқа да баламалы қаріптерді, қарым-қатынас жасау және оқыту әдістерін пайдалана отырып арнаулы жағдайлар жасайды.»;
4) 15-бапта:
1-тармақ 7) тармақшасындағы «заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.» деген сөздер «заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмысқа орналасуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.»;
2-тармақтағы «І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 4) тармақшасындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар балалар» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 12) тармақшасындағы «мүгедек бала» деген сөздер «мүгедектігі бар бала» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 30-баптың 1-тармағының бірінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына туғаннан үш (төрт) жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында балаларды уақытша бағып-күту үшін арнаулы бөлімшелер ашылады.»;
«Медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) күтімге, медициналық, тұрмыстық қызмет көрсетуге және әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге мұқтаж, төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар қабылданады.»;
3) 6-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Мүгедектігі бар баланың құқықтары
31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар.
2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту
саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.».
32. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші тобы белгіленсе – 5 000;
екінші тобы белгіленсе – 3 500;
үшінші тобы белгіленсе – 2 500;
мүгедектігі бар балаға – 5 000;».
33. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «І және ІІ топтағы мүгедектер» деген сөздер «бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші тобы белгіленсе – 1600;
екінші тобы белгіленсе – 1200;
үшінші тобы белгіленсе – 500;
мүгедектігі бар балаға – 1 000;».
34. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 23) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің болуына;»;
3) 27-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген артықшылықтарды мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылар жасалады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталады.
Мемлекеттік органдар жолаушыларды тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде көлік құралдары мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуіне ыңғайластырылған жеке және заңды тұлғалар артықшылыққа ие болады.»;
4) 27-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1-бап. Автомобиль көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектігі бар адамдардың автомобиль көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін автовокзалдар мен автостанцияларда:
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиіс, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы орындардың бөлінуі;
6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
7) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнаулы билет кассаларының жабдықталуы;
8) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының күші жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қатысты қолданылады.
3. Әуежайларда, вокзалдарда, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақытты өткізу және демалыс объектілерінде, сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектігі бар адамдардың арнаулы автокөлік құралдарын қоюға арналған тегін тұрақ орындары бөлінеді, оларға өзге автокөлік құралдары қойылмауға тиіс.
Егер тұрақ орындарының саны:
1) қоса алғанда онға дейін болса – мүгедектігі бар адамның арнаулы автокөлік құралын қою үшін бір орын;
2) оннан астам болса – мүгедектігі бар адамның арнаулы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.
Бұл ретте, егер есептеу қорытындысы бойынша тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады.
4. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын автокөлік құралдарын жасаушы зауыт халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдау үшін ыңғайластыруға тиіс.».
35. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 46-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«51-2-бап. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
1. Ішкі су көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі үшін портта:
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
5) күту залдарында, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қажеттіліктері ескеріле отырып жабдықталуға тиіс, мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы орындардың бөлінуі;
6) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
7) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнаулы таксофондардың орнатылуы;
8) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін арнаулы билет кассаларының жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
3) 52-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Мүгедектер» деген сөз «Мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші топтағыларға – 800;
екінші топтағыларға – 600;
үшінші топтағыларға – 500;
мүгедектігі бар балаға – 500;».
37. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»;
2) бүкіл мәтін бойынша:
«мүгедектерді», «мүгедектердің», «мүгедекті», «мүгедектің», «мүгедек», «мүгедектерге», «мүгедекке», «Мүгедектерді», «мүгедектер», «Мүгедектердің», «Мүгедекті», «Мүгедектерге», «Мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамды», «мүгедектігі бар адамның», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар адамға», «Мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адамдардың», «Мүгедектігі бар адамды», «Мүгедектігі бар адамдарға», «Мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедек балалардың», «мүгедек бала», «мүгедек балаларға», «мүгедек балаларды», «мүгедек балалар», «Мүгедек балаларды» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаларға», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар балалар», «Мүгедектігі бар балаларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оңалтудың жеке бағдарламасы», «оңалтудың жеке бағдарламасына», «оңалтудың жеке бағдарламасының», «оңалтудың жеке бағдарламаларының», «оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздер тиісінше «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының», «абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) – көмек пен күтімге, қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың стационар, жартылай стационар немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау – мүгедектігі бар адамдардың бойында болмаған тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;»;
10) тармақша алып тасталсын;
20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«20) сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;»;
«22) тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;»;
4) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) министрлердің, аудандар, қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
5) 10-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторийлік-курорттық емделуін, мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдің санаторийлік-курорттық ұйымда болуын қамтамасыз етеді;»;
6) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамның мүгедектігін, еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүзбе-жүз (куәландырылатын адамды қарап-тексеру) немесе сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспайтын уақыт бұрын немесе төтенше жағдай кезінде басталған, көрсетілген кезеңде қайта куәландырудан өтпеген адамдарға мүгедектіктің, жалпы еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің, кәсіптік еңбекке жарамдылықтан айырылу дәрежесінің және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімдері бұрын белгіленген қайта куәландыру күнінен бастап үш айға автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталатын ай толық есепке жатқызылады.»;
7) 14-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;»;
8) 20-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар.»;
9) 24-баптың 1-тармағындағы «интернат-үйлерде» деген сөз «медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 32-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мүгедектігі бар адамдар мен өнім берушілер арасындағы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі.».
39. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша «мүгедек баланы», «мүгедек балаларды», «Мүгедек баланы», «мүгедек бала», «мүгедек балаға», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар балаларды», «Мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар бала», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-1-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға хабар беруге;»;
2) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.».
41. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «мүгедектер», «мүгедек балалар», «мүгедектердің», «мүгедек балалардың», «мүгедек-балалар», «мүгедек балаларды», «мүгедектерді», «мүгедек», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;»;
3) 26-баптың 8-тармағының 1) және 9) тармақшаларындағы «І, ІІ топтағы» деген сөздер «бірінші немесе екінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 47-бапта:
17-2-тармақтың 2) тармақшасындағы «І және ІІ топтағы» деген сөздер «бірінші немесе екінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-3-тармақтың 3) тармақшасындағы «І және ІІ топтағы» деген сөздер «бірінші немесе екінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.»;
2) 8-баптың 2) тармақшасы тоғызыншы абзацындағы «ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді» деген сөздер «ұсынымдарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;».
43. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 61-баптың бірінші бөлігінің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнайы арналған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары.»;
2) 98-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақшадағы «мүгедек балаларға» деген сөздер «мүгедектігі бар балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «І топтағы мүгедектерге» деген сөздер «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 99-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдар болып табылатын борышкерлер үшін алименттер бойынша ай сайынғы төлемдер немесе берешек – олардың ай сайынғы жалақысынан және өзге де кірісінен, ал олар жұмыс істемейтін жағдайда, бюджет қаражатынан және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылардан және (немесе) әлеуметтік төлемдерден айқындалады.».
44. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
42-3-баптың 8-тармағының 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;
6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;».
45. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 65-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 3-тармағының үшінші бөлігіндегі және 4-тармағындағы «мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын», «мүгедектер» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 65-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтердің
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі
Мүгедектігі бар адамдардың азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін әуежайларда:
1) мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған, арнаулы жол белгілері орнатылған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
4) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.»;
3) 77-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары қатарындағы жолаушылардың жеке пайдалануға арналған зембілдерді және кресло-арбаны өздерімен багаж ретінде тегін алып жүруге қосымша құқығы бар.».
46. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 31-баптың 3-тармағында:
«Мүгедек балалары» деген сөздер «Мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар» деген сөздер «және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 66-баптың 4-тармағында:
1) тармақшадағы «І топтағы мүгедекке» деген сөздер «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «екінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ІІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 69-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке жарамдылығына қарамастан зайыбы (жұбайы); он сегіз жасқа толмаған немесе егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылса және жиырма үш жасқа толмаған болса, бұл жастан асқан балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адамдар болып табылатын ата-аналары кіреді.».
47. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
«60-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының
құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген
көшіп келушілердің құқықтарын қорғау
құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген
көшіп келушілердің құқықтарын қорғау
1. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну процесі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс өздерінің шыққан мемлекетіне (шетелдік азаматтығын алған елге) шығарып жіберілуге жатпайды, оның барысында құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушіге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушіге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат беріледі.».
48. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 4-тармағында:
«қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде» деген сөздер «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аталған ұйымдардың» деген сөздер «көрсетілген мекемелердің (ұйымдардың)» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
32-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «І топтағы мүгедекке» деген сөздер «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «екінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ІІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
30-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Телебағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау».
51. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «мүгедектер», «мүгедек баланы (мүгедек балаларды)», «мүгедек баласы (мүгедек балалары)», «мүгедек (мүгедектер)», «мүгедекке», «мүгедек болған қызметкердің», «мүгедек», «мүгедек балалары», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)», «мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары)», «мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар)», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектік алған қызметкердің», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар балалары», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 77-баптың 7-тармағында:
екінші абзацтағы «І топтағы» деген сөздер «бірінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «ІІ топтағы» деген сөздер «екінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «ІІІ топтағы» деген сөздер «үшінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 78-бапта:
9-тармақтың үшінші бөлігіндегі «олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса немесе» деген сөздер «оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленсе немесе олар» деген сөздермен ауыстырылсын;
ескертудің бірінші бөлігінде:
«23», «18» деген цифрлар тиісінше «жиырма үш», «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедек болған» деген сөздер «мүгедектік белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 80-баптың 2-тармағында:
екінші абзацтағы «І топтағы» деген сөздер «бірінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «ІІ топтағы» деген сөздер «екінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «ІІІ топтағы» деген сөздер «үшінші топтағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың үшінші бөлігіндегі «мүгедек болып қалған» деген сөздер «мүгедектік белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 6-тармағындағы «мүгедек деп танылған» деген сөздер «мүгедектік белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-баптың 3-тармағындағы «мүгедек зайыбы (жұбайы)», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектік белгіленген зайыбы (жұбайы)», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 26-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 35-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «мүгедектер», «мүгедек» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 36-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып қалған» деген сөздер «оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 44-баптың 8-тармағы төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «мүгедек баланы (мүгедек балаларды)», «мүгедек баласына (мүгедек балаларына)», «мүгедекке (мүгедектерге)» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды)», «мүгедектігі бар баласына (мүгедектігі бар балаларына)», «мүгедектігі бар адамға (мүгедектігі бар адамдарға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 51-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «І топтағы мүгедекке» деген сөздер «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «екінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ІІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
1) тармақшадағы «І топтағы мүгедекке» деген сөздер «бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «екінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ІІІ топтағы мүгедекке» деген сөздер «үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе», «мүгедек» деген сөздер тиісінше «егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген немесе олар», «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдарға;».
54. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;»;
2) 10-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;»;
3) 11-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;».
55. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағы үшінші бөлігінің 4) және 9) тармақшаларындағы «мүгедек баланы», «мүгедекке» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар баланы», «мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 1-тармағының 6), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бөгденің көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызілікті адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі баланы бағып-күткен уақыт;»;
«11) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар жұмыс істемейтін адамдар мен оларға теңестірілген мүгедектігі бар адамдардың мүгедектікте болған уақыты;»;
3) 31-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың;»;
4) 32-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың;»;
5) 33-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адам болып табылатын;».
56. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Съездің шешімі бойынша есепті кезеңде мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылуы мүмкін.».
57. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 32-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильді және стационарлық қондырғылар;
мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;»;
2) 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азаматтық қорғау құралымдарына, бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқамалары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке жарамды еркектер мен әйелдер қабылданады.»;
3) 12-2-баптың 14-7) және 14-21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14-7) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«14-21) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
4) 15-баптың 3-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«21) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің, траволаторлардың, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштердің пайдаланылуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;»;
5) 68-баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.»;
6) 69-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу;»;
7) 71-баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;
3) 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар адамдарға) арналған көтергіштер;»;
8) 72-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.»;
9) 103-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – жалақысының бес еселенген жылдық мөлшерінде;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға жалақысының екі еселенген жылдық мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.».
58. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «мүгедектерге», «Мүгедектерге», «мүгедек жүргізушілер», «мүгедектердің», «Мүгедектер», «Мүгедек», «Мүгедектерден» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «Мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар жүргізушілер», «мүгедектігі бар адамдардың», «Мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адам», «Мүгедектігі бар адамдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 58-бапта:
1-тармақтағы «адамдарға немесе зағиптарға» деген сөздер «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 59-бапта:
тақырыптағы «адамдарға немесе зағиптарға» деген сөздер «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «адамдарға немесе зағиптарға», «адамдарды немесе зағиптарды» деген сөздер тиісінше «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға», «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «адамды немесе зағипты», «адамға немесе зағипқа» деген сөздер тиісінше «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды», «немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға» деген сөздермен ауыстырылсын.
59. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 2-тармағы және ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ішкі істер органдарының еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған қызметкерлерінің және теріс себептермен қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, қызметтен шығарылған және еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған қызметкерлердің, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және мүгедектігі бар балаларды асырап-бағып отырған қызметкерлердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.»;
«Ескертпе. Осы тарауда ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: зайыбы (жұбайы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың бірінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы); күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алатын жиырма үш жасқа дейінгі балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) балалары; егер он сегіз жасқа дейін мүгедектігі бар адамдар деп танылған болса, мүгедектігі бар балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қорғаншылығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердің асырап-бағуындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы түсініледі.».
60. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-1), 3), 26), 27), 30), 52), 53) және 56) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) арнаулы спорттық мүкәммал – жаттығу және жарыс әрекетінің қажетті құрамдасын білдіретін, мүгедектігі бар спортшы организмінің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын спорттық мүкәммал;»;
«3) бейімдік дене шынықтыру және спорт – мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені;»;
«26) мүгедектігі бар спортшы – тыныс-тіршілігінің шектелуіне алып келетін аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, бұзылулардан организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке тұлға;
27) мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау – мүгедектігі бар спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі ұқсас мүгедектігі бар басқа спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі;»;
«30) Паралимпиадалық ойындар – тірек-қимыл аппараты, көру органдары зақымданған және интеллектуалдық дамуы бұзылған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;»;
«52) Сурдлимпиадалық ойындар – есту органдары зақымданған мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;»;
«53) сыныптаушы – мүгедектігі бар спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнаулы даярлықтан өткен жеке тұлға;»;
«56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар – интеллектуалдық мүмкіндіктері шектеулі мүгедектігі бар спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;»;
2) 7-баптың 55) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«55) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;»;
3) 8-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;»;
4) 13-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедектігі бар спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылатын халықаралық паралимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылады.»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің паралимпиадалық жоғары жетістіктер спорты түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ Паралимпиадалық ойындарға және Халықаралық паралимпиада комитетінің аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар спортшыларының қажетті даярлық деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыруы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және республикалық спорт федерацияларымен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.»;
5) 13-2-баптың 1-тармағындағы, 3-тармағының 5) тармақшасындағы және 6-тармағындағы «мүгедек спортшылар», «Республикасы мүгедек спортшыларының» деген сөздер тиісінше «Республикасының мүгедектігі бар спортшылар», «мүгедектігі бар спортшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы олимпиадалық қозғалыс өзінің мақсаттары мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтыруы мен спортын дамытуға жәрдемдесу, көрсетілген салада халықаралық ынтымақтастықты нығайту, Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысу болып табылатын халықаралық арнаулы олимпиадалық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.»;
7) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектігі бар
адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу
1. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт әдістерін пайдалана отырып, мүгедектігі бар адамдарды физикалық оңалту және әлеуметтік бейімдеу спорт клубтарында, мүгедектігі бар адамдардың мектептері мен секцияларында, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Мүгедектігі бар адамдарға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу процесі, даярлық кезеңдерінің мазмұны паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорт түрлері бойынша бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.
3. Мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледі.
4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін спорт құрылысжайларының қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Мүгедектігінің санатына қарай санамаланған көрсетілетін қызметтер бюджет қаражаты есебінен және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды республикалық спорттық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын қамтамасыз етеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала деңгейінде спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.
6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастырады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) даярлауды және олардың халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнаулы олимпиадалық ойындарға қатысуын ұйымдастырады.»;
8) 29-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кәсіпқой спорттың ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарына көмек көрсетуге;»;
9) 33-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Мүгедектігі бар спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және арнаулы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау»;
1, 2 және 3-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, тиісті жарыстарға қатысуға мәлімделген мүгедектігі бар спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.»;
«3-1. Мүгедектігі бар спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.»;
10) 38-баптың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдарға – көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын – сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы хабар беруге міндетті.»;
11) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сабақтар мен спорттық жарыстарды өткізуге арналған спорт құрылысжайлары техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, спорт құрылысжайларын пайдалану мен өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес келуге және мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуға тиіс.»;
12) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен
көрсетілетін қызметтер
көрсетілетін қызметтер
Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктердің мөлшерін дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді, олар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және дене шынықтыру-спорт ұйымдары әкімшілігінің шешімдерімен белгіленеді.».
61. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өмірлік қиын жағдайда жүрген, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, алкоголизмнен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар қатарындағы жастарға психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;».
62. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік
берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты
берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар, психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің нормативтерін қамтиды.»;
2) 32-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.»;
3) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін
мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар
адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету»
ең төмен әлеуметтік стандарты
мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар
адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету»
ең төмен әлеуметтік стандарты
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуі нормаларын қамтиды.»;
4) 36-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік меншіктегі спорт құрылысжайларын «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес пайдалануы нормативтерін қамтиды.».
63. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-баптың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық жалақы;
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық жалақы;
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық жалақы мөлшерінде төленеді.».
64. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «мүгедектердің» деген сөз «мүгедектігі бар адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарды мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып жасайды.
Жасалған интернет-ресурстар ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс.»;
4) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақпарат пайдаланушылар осы Заңға сәйкес ақпарат иеленушілер «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып орналастыратын ақпаратты ала алады және пайдалана алады, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген не «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдастарында авторландырылған жағдайда оны талқылауға қатыса алады.».
65. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалуына мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;».
66. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
26-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
6-1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;»;
«12) мүгедектігі бар адамдар;».
67. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
41-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «мүгедек», «мүгедек балалары» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар балалары» деген сөздермен ауыстырылсын.
68. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 39-баптың 3-тармағының 54) тармақшасындағы «мүгедектерінің», «мүгедекке» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарының», «мүгедектігі бар адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 51-бапта:
«мүгедектерінің», «мүгедектердің», «мүгедектері» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарының», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар адамдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мүгедекті оңалтудың» деген сөздер «мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамның жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.»;
3) 3-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатпен келісілген, жұмыс орындарын және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруды ынталандыратын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізу арқылы іске асырылады.»;
4) 7-баптың 7), 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) мүгедектігі бар адамның жұмыс орнының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
«12) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
5) 9-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу;»;
6) 10-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;»;
7) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мүгедектігі бар адам үшін – оның тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесін ескере отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты деп есептеледі.»;
8) 17-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;»;
9) 19-бапта:
4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мүгедектігі бар адамдардың;
2) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-ананың, асырап алушылардың, қорғаншылардың (қамқоршылардың);»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Кәсіптік оқытуға білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұруға рұқсат алған адам саудасының құрбандары-шетелдіктер жіберіледі.»;
10) 20-баптың 2-тармағының 3) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдар;»;
«7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар;»;
11) 23-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдардың, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;»;
12) 25-баптағы «Мүгедектерді», «мүгедектерді» деген сөздер тиісінше «Мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 27-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.»;
14) 28-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;»;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға;».
70. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) пошта операторларының пошта желісін ұйымдастыру және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу;».
71. «Пробация туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдарға;»;
2) 16-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алу үшін қарт адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға жәрдемдесу үшін әлеуметтік қызметтермен өзара іс-қимыл орнатады.».
72. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;».
73. «Aдвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;»;
«6) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мүгедектігі бар балаларды жалғыз өзі тәрбиелеп отырған не қамқорлығында кәмелетке толған мүгедектігі бар адамдары бар адамдарға көрсетілуі мүмкін.».
74. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 7-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш жасау мерзімі он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда, әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған күнге қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің жиырма үш жасқа толу мерзімінен аспайды.»;
2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адамның жалпы еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.»;
3) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1) он сегіз жасқа толмаған және егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген болса, осы жастан асқан балаларының, оның ішінде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындатуға және алуға құқығы бар.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.»;
4) 27-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған, бала кезінен бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға мүгедектік белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап қайта куәландырылғанға дейін;»;
5) 28-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адам – он сегіз жасқа (он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда), ал аталған адам жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқып жатқан жағдайда жиырма үш жасқа толған күннен бастап;».
75. «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер.»;
2) 5-баптың 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
7) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
8) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.»;
3) 6-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары.»;
4) 8-бапта:
1) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);»;
5) 10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.»;
6) 11-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.».
76. «Техникалық реттеу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектерді» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарды» деген сөздермен ауыстырылсын.