Шығыс Қазақстан облысы Зайсан
ауданы Біржан ауылдық округі
көшелеріне атау беру туралы
ауданы Біржан ауылдық округі
көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылдың 11 маусымындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Біржан ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
6 - шартты көшесіне Қайлар Смағұлов көшесі;
9 - шартты көшесіне Сегізбай болыс көшесі;
5 - шартты көшесіне Шакура Әбдікенова көшесі;
2 - шартты көшесіне Жапабай қажы.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Қуаныш ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
2 - шартты көшесіне Жұмаділ Бақтыбаев көшесі;
7 - шартты көшесіне Қонақай әулие көшесі;
5 - шартты көшесіне Исабек Андырбаев.
3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Ақарал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
3 - шартты көшесіне Англихан Ахметов көшесі;
1 - шартты көшесіне Халит болыс.
4. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы «Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
М. Мырамытов