Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 30 наурызда № 7456-15 болып тіркелді

Актуально на 28.03.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка
ауылдық округінің Новосветловка ауылының
көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новосветловка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 1 наурыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Гусаковка ауылдық округі Новосветловка ауылында көше қайта аталсын:
Советская көшесін Тәуелсіздік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімінің уақытша міндетін атқарушысы
С. Оспанов