Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №178845 болып тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
реттік номері 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
3. | Қызылөзен ауылы | Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты | 8(72938) 23851 |
»;
орыс тіліндегі реттік номері 5-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
реттік номері 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
6. | Сайын Шапағатов ауылдық округі | Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі аппаратының «Сайын Шапағатов мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты | 8(72938) 31256 |
».
2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік саласына жауапты орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі
Р.Елтизаров